Роскосмос басшысы Дмитрий Рогозин

"Роскосмос" басшысы Түркияны Байқоңырды бірге пайдалануға шақырды

136
Елдердің жобадағы рөлдері келесідей болмақ: Қазақстан Байқоңыр ғарыш айлағын ұсынады, Ресей қажетті технологияларды береді, Түркия зымырандарды ұшыруды ұйымдастырады

НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек — Sputnik. Түркия Ресей және Қазақстанмен бірге Байқоңыр ғарыш айлағын пайдалану жобасына шақырылды, деп хабарлайды РИА Новости.

"Түркияның ғарыш аппараттарын ұшыру үшін "Роскосмос" зымырандар ұсынуға дайын. Және оларды Түркия аумағынан ұшыру міндетті емес.  Оның орнына үш елге ортақ жоба жасап, Байқоңыр инфрақұрылымын пайдалануға болар еді", - деп мәлімдеді "Роскосмос" басшысы Дмитрий Рогозин.

Оның айтуынша, мұндай серіктестіктің әлеуеті өте жоғары.

Қазірге дейін бірде бір Түркия азаматы ғарышқа ұшқан емес. 2005 жылы мемлекет Ұлттық ғарыш зерттеулері бағдарламасын қабылдады, соған сәйкес 2010 жылдан бастап түрік ғарышкерлерін дайындау қолға алынуы тиіс еді. Алғашқы ғарышкерді ұшыру 2014 жылға жоспарланған болатын.

Тағы оқыңыз: Байқоңырды алда үлкен өзгерістер күтіп тұр - қала басшысы

Алайда Түркияда Ұлттық ғарыш агенттігі 2018 жылдың желтоқсанында бір-ақ құрылды.

136
Кілт сөздер:
Байқоңыр, Қазақстан, Түркия, Ресей
Тақырып бойынша
Қазақстан Байқоңырды жалдау мерзімін қайта қарауға қатысты түсініктеме берді
"Протон-М" зымыран тасығышы Байқоңырдан ұшырылды
Ресей алғаш рет ғарышқа адамға ұқсайтын роботты ұшырды
Қазақстандағы "Союз" апатының салдары жойылды – Ресей вице-премьері
Путин "Бәйтерекке" Назарбаевтың атын беруді ұсынды
Ғарыш айлағы

"Байқоңыр" мерейтойы - ғарыш айлағын дамыту жоспары туралы айтылды

30
(Жаңартылды 09:23 02.06.2020)
Роскосмостың бас директоры Дмитрий Рогозин Байқоңырдың мерейтойымен құттықтап, даму жоспарын бөлісті

НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Байқоңыр ғарыш айлағындағы "Союз-2" және "Союз-5" ракеталарын ұшыруға арналған старттық кешендер жаңғыртылады, деп хабарлады Роскосмостың бас директоры Дмитрий Рогозин.

"Ғарыш бағдарламасында мақсатты ақты айқындау маңызды. Гагарин стартын ("Союз-2" ракетасы үшін) қалпына келтіруді жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта келіссөздер жүргізіліп жатыр. Жақында аяқталады", - деді ол.

Роскосмос өкілі "Байтерек" немесе "Назарбаев старты" жобасы маңызды екенін атап өтті. Бұл - "Зенит" ракетасына арналған кешенді қалпына келтіру жұмысы.

Сондай-ақ, "Зениттен" де қуатты "Союз-5" ракетасын жасау жоспарланып отыр. Ол орбитаға 17 тонна жүктеме шығара алады. Оның мақсаты - коммерциялық іске қосу қызметтерін қамту.

"Алдағы жылдары бұл кешендер жұмыс істей бастаған кезде Байқоңыр екі ел байланысын одан әрі нығайта түсетін факторға айналады", - деді Рогозин.

2 маусымда "Байқоңыр" ғарыш айлағының құрылғанына 65 жыл толып отыр.

30
Кілт сөздер:
мерейтой, Байқоңыр
Тақырып бойынша
Қазақстан Байқоңыр маңындағы жерді қайтарады – президент заңға қол қойды
Байқоңыр толық тазартылады – ғарыш айлағынан не шығарылады
"Байқоңыр" кешенінде туристік ойын-сауық аймағы құрылады
Байқоңыр айлағынан ғарышқа робот ұшырылады
"Байқоңыр" арнайы экономикалық аймағы құрылады
Ғарыш айлағы

"Союз МС-15" кемесі Қазақстанға қонды

91
Роскосмос ғарышкері Олег Скрипочка мен NASA астронавтары Эндрю Морган мен Джессика Меир Жерге оралды. Ғарышкерлердегі қарсы алғандардың бәрі медициналық бетпердемен болды

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір — Sputnik. "Союз МС-15" кемесі Қазақстанға қонды. Экипаж құрамында ресейлік Олег Скрипочка мен америкалық  Эндрю Морган мен Джессика Меир болған.

Экипаж станцияда қалған ресейлік ғарышкерлер Анатолий Иванишин және Иван Вагнер, америкалық астронавт Крис Кэссидимен қоштасып, кеме люгін жапты. Астаналық уақыт бойынша сағат 7.53 "Союз" МКС-тен бөлінді. Негізгі парашют ашылып, жерге қонды.

Бұған дейін Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, карантинге байланысты ғарышкерлерді дәстүрлі қарсы алу рәсімі болмайды.

Медицина қызметкерлері оларды тікұшақта тексереді. Ал бұған дейін оралған ғарышкерлер арнайы шатырға жеткізілетін. 

91
Жадкевич атындағы Мәскеу қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Александр Мясников

Бұрынғы КСРО елдерінде коронавирустан қайтыс болу көрсеткіші төмен

0
(Жаңартылды 23:14 02.06.2020)
Дәрігер Мясников өлім-жітімнің төмен көрсеткішін КСРО-да медицинаның ерекше болуымен байланыстыра түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым — Sputnik. Белгілі ресейлік тележүргізуші, Жадкевич атындағы Мәскеу қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері, коронавирусқа қатысты жағдайды бақылау жөніндегі ақпарат орталығының өкілі Александр Мясников Sputnik арнайы онлайн-видеокөпірі кезінде шын мәнінде коронавирустың қалай дамитынын және неліктен Италия, Испания және АҚШ-тағы қайғылы жағдайлардың посткеңестік елдерде қайталанбағанын айтып берді.

КСРО құрамына кірген көптеген елде коронавирус індетінен болатын өлім-жітім көрсеткішінің әлемдік деңгейден әлдеқайда төмен болуы ғалымдар мен дәрігерлерді таңғалдырып отыр. Coronavirus-monitior.ru сервисінің мәліметінше, 1 маусымдағы жағдай бойынша олардағы өлім деңгейі Өзбекстандағы 0,4% -тен Литвадағы 4,23% -ке дейінгі аралықта құбылады. Ал Италия мен Ұлыбританияда бұл көрсеткіш –14%, Францияда – 15%, Бельгияда – 16%.  

Оқи отырыңыз: Қазақстан коронавирустың екінші толқынынан қалай сақтанып жатыр 

"Саясаткерлер, білікті дәрігерлер қазір бұрынғы Кеңес Одағы елдеріне үңіле бастады, - дейді дәрігер Мясников. – Ауыр науқастар мен қайтыс болғандардың саны эпидемияның қазіргі жағдайын көрсетеді. Ал бұрынғы КСРО-ның барлық елінде өлім-жітім деңгейі төмен. Неліктен екенін бағамдау қажет. БЦЖ-ның (КСРО-да кеңінен қолданылған туберкулезге қарсы вакцина) пайдасы тиген болуы мүмкін, айтпақшы, қазірдің өзінде зерттеу жүргізіліп жатыр – америкалықтар шағын топтарға БЦЖ еге бастады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да: "Мәселе БЦЖ-ға иммундық жауапта болуы мүмкін, бірақ әзірге оны ұсынбаймыз" деді". 

Мясников посткеңестік елдер халқының иммунитеті коронавирусқа төзімді екенін айта келе, бұл жағдайдың бұрын туберкулез инфекциясын жұқтыру деңгейінің жоғары болуымен байланыстырылуы мүмкін екенін болжады.

"Кейбір ғалымдар жасырын туберкулездің таралу деңгейінің жоғары болуы иммундық жүйенің өзгеруіне әкеледі, сондықтан коронавирус үлкен қарсылыққа кезігеді" деп болжап жатыр, – дейді сарапшы. – Бірақ біз орыстар, белорустар, украиндар, қазақтар неліктен америкалықтардан, француздардан және италиялықтардан он есе аз өлетінін анықтауымыз керек. Мәселенің басын ашу керек".  

0
Кілт сөздер:
КСРО, коронавирус
Тақырып бойынша
Қазақстанда 7 журналист коронавирус жұқтырды
Бас санитар дәрігер той-томалақ өткізуге бола ма деген сұраққа жауап берді
Қазақстандық әкім коронавирус жұқтырды
Қазақстанда алған коронавирус анықтамасы ЕАЭО елдерінде жарамсыз – бас санитар дәрігер