фильм түсірілімі, архив

"Күлкі етеді" Танымал режиссер неге қазақша сөйлемей жүргенін айтты

821
(Жаңартылды 19:52 20.02.2019)
Қанат Бейсекеев қазір қазақша сөйлеуге ұялатынын, бірақ ана тілін меңгеруге ынтасы зор екенін айтты

АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Танымал режиссер, сценарист Қанат Бейсекеев "Пайымдау" жобасына берген сұхбатында кейбір қазақтардың неге ана тілінде сөйлемей жүргеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Режиссер ең алдымен қазақ тілінде сөйлемеу ұят екенін атап өтті.

"Әрине, ұят. Негізі қазақша сөйлеймін. Қазақ мектебін бітірдім. Бірақ ол мектеп аралас болды. Ал мен қазақ сыныбында оқыдым. Алматыдағы Гоголь мен Сейфуллин көшесінің қиылысындағы №5 мектепте білім алдым", - деді ол бағдарламада.

Қанат Бейсекеевтың айтуынша, кей азаматтар оны қазақша сөйлемегені үшін мазақ қылғысы келеді екен.

"Кей кезде адамдар мені қазақша түсінбейді деп ойлайды. Олар әдейі қазақша сөйлеп, сөзбен қағытқысы келеді. Қаланың баласы қазақша түсінбейді деп ойлайды. Күлкіге айналдырғысы келеді. Осы сәтте менің қазақшам "супер" болып кетеді. Тіпті қазақша акцентім де жоғалып кетеді. "Мә, сен қазақша түсінеді екенсің ғой. Мен білмеппін ғой" дейді. Ең қызығы саған деген адамның көзқарасы өзгереді. Ал бұл дұрыс емес. Себебі адамды тіл білгені, сөйлегені үшін құрметтеу дұрыс емес", - дейді режиссер.

Сонымен қатар Бейсекеев қазақ тілінде сөйлейтін өзге ұлт өкілдері мен қазақ тілін білмейтін қазақтарды салыстырып, неліктен ана тілінде сөйлеуге құлшыныстың жоқ екенін айтты.

"Адамдар неге қазақша сөйлемейді? Жұрттың сыны көп әрі өздері де ұялады. Ал оларды (қазақша сөйлейтін өзге ұлт өкілдері – Sputnik) сынап жатқан ешкім жоқ. Өздерінің ортасында болмаған соң, тіл үйрену де жеңіл. Ақырындап меңгере бастаса болды, барлығы қолдай жөнеледі. Ал қазақша білмейтін қазақ ана тілін үйренгісі келіп, ынталана бастаса, алғашында күлкіге айналдырып жатады. Міне, осыдан кейін, адамның ниеті жоғалады", - дейді Қанат.

Режиссер өзі де қазақ тілін үйренгісі келетінін айтып қалды.

"Қазір орысша сөйлеп отырмын. Өйткені ұяламын. Қазақша сөйлегенім бір түрлі күлкілі естіледі. Өз ойымды анық жеткізе алмаймын. Бірақ үйрену керек", - деді ол.

Тағы оқыңыз: Димаш орысша қойылған сұраққа қазақша жауап берді

Осы орайда Бейсекеев мектептегі ұстазын еске алып, қазақ тілін күштеп үйрету дұрыс еместігін жеткізді.

"Біз мектепте көбінесе орысша сөйлестік. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен беретін мұғалім бізге патриоттық тәрбие бермекші болды. Негізінде ол патриотизмді ұлтшылдықпен шатастыратын. Менің ойымша, ол бойымызға біріншісін емес, екіншісін сіңірген сияқты. Ол бізге агрессия көрсететін. Мысалы, орысша сөйлеп қалсақ, сыныпқа кіргізбейтін. Тіпті сыныптағы қыздар орыс сыныбында оқитын біреумен жүрсе немесе сыныбымыздағы балалар орысша оқитын қыздармен кездессе, оны қолдамайтын. Бағаны төмендететін. Қазір сол кісінің өзімен кездесіп, "Менің сізге сұрағым көп. Сіз бізді қалай тәрбиеледіңіз?" дегім келеді", - деп түйіндеді сөзін режиссер.

821
Кілт сөздер:
қазақ тілі, Қанат Бейсекеев
Тақырып бойынша
"Жылқы еті қанша тұрады?" Аршавин Көк базарда қазақша сөйлеп жүр - видео
Министр депутаттардың қазақша сұрағын түсіне алмай әбден састы
Қазақ тілі туралы орынсыз әзілдеген Азамат Мұсағалиев жұрттың сөзіне қалды
Назарбаев ағылшын тілі туралы: кейбіреулер "тек қазақ тілі керек" деп шулайды
Кенжебай: Кеңес заманында да қазақ тілі дәл бүгінгідей сорлаған жоқ
Оғыз Доған қазақша сөйлемейтін роботпен ұрсысып қалды - видео
Нығматулин қазақша білмейтін вице-министрді әбден ұялтты
Ақорда ғимараты

Тоқаев Абай мұрасын зерттеушілерді марапаттады

107
(Жаңартылды 18:04 10.08.2020)
Жуырда президент жарлығымен 10 тамыз қазақтың бас ақыны Абайдың туған күніне орай Абай күні болып бекітілген болатын

АЛМАТЫ, 10 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен Абай мұрасын насихаттауда сіңірген еңбегі үшін бірқатар шетелдік зерттеуші мен аудармашыны II дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады, деп хабарлайды Ақорда.

Осылайша, президент жарлығымен Флуминенсе федералдық университеті шет тілдері орталығының оқытушысы Америко Эдельсио (Бразилия), Уақыптар министрлігінің департамент директоры Ганем Халед Ас-Саид (Мысыр), Түркия жазушысы Кибар Зафер марапатталды. 

II дәрежелі "Достық" ордені берілгендер қатарында әдеби редактор Кошут Леонард (Германия), Кембридж университеті баспа департаментінің басқарушы директоры Манн Джейн (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен корольдігі), Қытай жазушысы Мәжит Ақбар, Орыс әдебиеті академиясының вице-президенті Георгий Пряхин бар.

Марапатталғандар қатарына Мадридтегі "Комплутенсе"университетінің профессоры Пуиг Мария Санчес, Армения Республикасы мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы Хачатрян Шушан, Қытай аудармашылар қауымдастығының аға аудармашысы Хуанчжан Ха және Иран Ислам Республикасының жазушысы Шатқам Қажымұхамет та енген.

Құжат қол қойылған күннен бастап қолданысқа енеді.

Айта кетейік, жуырда президент жарлығымен 10 тамыз қазақтың бас ақыны Абайдың туған күніне орай Абай күні болып бекітілді.

107
Кілт сөздер:
зерттеу, Абай, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Қазақстанда қанша Абай Құнанбайұлы бар – статистика белгілі болды
"Абай айт­қан жал­қаулық жиі кездесетіні қынжылтады": Тоқаев мақала жариялады
Татарстан президенті Абай өлеңін қазақ тілінде оқыды
10 тамыз – Абай күні: мерекелік шараларға шолу
Қазақстандық балалар салған суреттен Мәскеуде Абай портреті құрастырылады
Абай Құнанбаев

Абайдың 175 жылдығы: ұлы ақын жайлы фильмдерді қайдан тамашалауға болады

282
"Қазақфильм" қазақ ойшылы мен әкесі Құнанбай туралы фильмдерді YouTube–каналда тамашалау мүмкіндігін ұсынды

НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр — Sputnik. "Қазақфильм" киностудиясы Абай туралы фильмдерді YouTube–каналға жүктеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Шәкен Айманов атындағы киностудия ағартушының 175 жылдығына орай көрермен назарына үш фильм ұсынып отыр. Сондай-ақ, "Абайдың әкесі Құнанбай туралы фильмдер" тақырыбындағы картиналар да қолжетімді.

  • "Абай. Өмірі мен творчествосы" деректі фильмі, режиссері - Тимурлан Арганчеев, 1983 жыл 
  • "Абай әндері" көркем фильмі, режиссерлер - Ефим Арон мен Григорий Рошаль, 1945 жыл (Мұхтар Әуезов романы желісі бойынша түсірілді)
  • 25 жыл бұрын түсірілген "Абай" кинолентасы, режиссері - Ардақ Әмірқұлов. Абайдың жастық шағы туралы картина түрлі кинофестивальдерде үздік деп танылды.
  • "Құнанбай" биографиялық фильмі, режиссері - Досхан Жолжақсынов. 2016 жылы түсірілген картина Абайдың әкесі - Құнанбай Өскенбайұлының тағдыры туралы баяндайды.

Төрт жыл бұрын картина авторлары әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік премияға ие болды.

Еске сала кетсек, биыл елде Абайдың 175 жылдығы аталып өтеді. Жыл бойы түрлі конференциялар, дәрістер, акциялар мен әдеби эстафеталар ұйымдастырылады.

282
Кілт сөздер:
фильм, Қазақфильм, ақын, Абайдың 175 жылдығы
Тақырып:
Абайдың 175 жылдығы
Тақырып бойынша
Абайдың экрандағы бағы жана ма – режиссерлердің пікірі
Абайдың мерейтойына қанша ақша жұмсалатыны жарияланды
Абайдың қара сөздері норвег тіліне аударылуы мүмкін
Абайдың отаны Семей туралы қызықты деректер
Абайдың әнін шырқаған 20 жастағы алматылық бойжеткен "Қазақ аруы" атанды
Махамбет Досмұхамбетов

Атырау облысының әкімі орынбасарының кінәсі дәлелденсе, қызметінен кетуге дайын

0
Әкімнің бірінші орынбасары мен құрылыс басқармасының бастығы 420 мың доллар көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев шынымен де кінәлі деп танылып, сот үкімі шықса, қызметінен кететінін мәлімдеді.

Әкімнің орынбасары мен құрылыс басқармасының бастығы 182 миллион теңге (420 мың доллардан астам) көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды, деп жазды "Ақ Жайық" басылымы.

"Заң бәріне ортақ. Егер тергеу аяқталып, сот оны кінәлі деп тапса, онда мен заңға сәйкес, отставкаға кетуге дайынмын. Оны қабылдай ма, жоқ па, президент өзі шешеді", - деді әкім Махамбет Досмұхамбетов.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың қарашасында "Мемлекеттік қызмет туралы" заңға түзетулер енгізілді, оған сәйкес қарамағындағы қызметкердің кінәсі дәлелденіп, сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін басшы қызметінен кетуге міндетті.   

Оқи отырыңыз: Қазақстанда бірнеше әкім отставкаға кетуге өтініш берді 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұған дейін заң аясында қандай қызметкерлер тікелей бағынышты ретінде қарастырылатынын түсіндірген болатын.

0
Кілт сөздер:
отставка, әкім, Атырау облысы
Тақырып бойынша
Білім саласында жемқорлық неге көбейді?
Нұр-Сұлтанда әкім қызметінен кетті
Жезқазғанға жаңа әкім тағайындалды
Тоқаевтың тапсырмасы: облыс әкімінің орынбасары мен аудан әкімі отставкаға кетті