Шерубай Құрманбайұлы

Шерубай Құрманбайұлы терминдердің неге сауатсыз аударылатынын түсіндірді

331
Ғалым терминдерді қазақ тіліне сауатты аударатын жүйе жасауды ұсынды

НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik. Профессор Шерубай Құрманбайұлы терминкомның құзіретін күшейтуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ғалымның айтуынша, қазір терминдерді аударатын кәсіби мамандар бар, бірақ басым бөлігі басқа салаларда еңбек етіп жүр. Мықты мамандардың күшін біріктіре алмағандықтан, терминдерді қазақ тіліне аударғанда қателіктер кетіп жатыр.

"Мамандардың бәрін бір орталыққа шоғырландырып, күшімізді біріктіре алмай отырмыз. Терминология жұмыстары республикалық деңгейде жүйелі түрде үйлестіріліп, жоғары кәсіби деңгейде жүргізілмей жатыр. Осы салада жасалып жатқан жұмыстар бар. Оны жоққа шығармаймыз. Алайда толықтай жүйелі түрде үйлестіру жұмысы әлі жолға қойылды деп айта алмаймыз. Ең үлкен мәселе осы", - деді ол мәжілісте өткен ғылыми-практикалық конференцияда.

Осы орайда Шерубай Құрманбайұлы кеңес одағында орыс тіліндегі терминдерді барлық одақтас мемлекеттердің бәрі қолданылатынын, Мәскеуде терминдерді тексеретін арнайы комитет жұмыс істегенін айтты.

"Өкінішке қарай, тәуелсіздігімізді жариялағаннан кейін біз терминологияны дәл сондай әдіспен жүргізіп, мемлекеттің тіл саясатына негізделген жүйелі, үйлестірілген, кәсіби, жоғары деңгейлі құрылым жасап, бір жүйемен сұстай алмадық. Сол себепті терминологиялық жұмыстар шашырап кетті деуге болады", - деді профессор.

Сонымен қатар ғалым терминдерді қазақ тіліне сауатты аударатын орталықтандырылған жүйе құру қажетігін мәлім етті.

"Орталықтандырылған жүйе қалыптаспай отыр. Кеңес одағы арнайы комитетті еріккеннен құрған жоқ. Ол орыс тілінің ғылым тілі ретінде үстемдігін орнату үшін құрылды. Ал өз еліміздегі қазақ тілінің ғылым тілі ретінде қолданылуы сіздер мен біздердің басты міндетіміз болуы керек", - деді Шерубай Құрманбайұлы.

Ғалым терминкомның қызметін күшейту керек деген ұсыныс білдірді.

"Аталған құрылымның құзіретін де, мәртебесін де көтерген жөн. Сонда ғана бектіліген терминдерді кеңінен қолданады. Терминтанушы білікті мамандарды көбірек даярлау қажет", - деп түйіндеді сөзін профессор.

331
Кілт сөздер:
Мәжіліс, қазақ тілі
Тақырып бойынша
"Қазақ тілі болуы тиіс" Тоқаев үштілділікке қатысты ұстанымын айтты
Астана көшелеріндегі күлкілі аудармалар - фото
Бейонсе мен Уилл Смит қазақша "сөйледі"
Абайды оқып, Төреғалиді тыңдайтын поляк жігіті қазақ тілін барша жұртқа насихаттап жүр
"Қазақ тілі – қазақтың жаны" Тоқаев латын әліпбиіне қатысты ұстанымын ашық білдірді
"Табиғи әрі дұрыс процесс" Ресей елшісі қазақ тілі туралы ойын айтты
Президент сайлауы: кандидаттың қазақ тілін білетіні қалай анықталады?
Ақорда ғимараты

Тоқаев Абай мұрасын зерттеушілерді марапаттады

107
(Жаңартылды 18:04 10.08.2020)
Жуырда президент жарлығымен 10 тамыз қазақтың бас ақыны Абайдың туған күніне орай Абай күні болып бекітілген болатын

АЛМАТЫ, 10 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен Абай мұрасын насихаттауда сіңірген еңбегі үшін бірқатар шетелдік зерттеуші мен аудармашыны II дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады, деп хабарлайды Ақорда.

Осылайша, президент жарлығымен Флуминенсе федералдық университеті шет тілдері орталығының оқытушысы Америко Эдельсио (Бразилия), Уақыптар министрлігінің департамент директоры Ганем Халед Ас-Саид (Мысыр), Түркия жазушысы Кибар Зафер марапатталды. 

II дәрежелі "Достық" ордені берілгендер қатарында әдеби редактор Кошут Леонард (Германия), Кембридж университеті баспа департаментінің басқарушы директоры Манн Джейн (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен корольдігі), Қытай жазушысы Мәжит Ақбар, Орыс әдебиеті академиясының вице-президенті Георгий Пряхин бар.

Марапатталғандар қатарына Мадридтегі "Комплутенсе"университетінің профессоры Пуиг Мария Санчес, Армения Республикасы мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы Хачатрян Шушан, Қытай аудармашылар қауымдастығының аға аудармашысы Хуанчжан Ха және Иран Ислам Республикасының жазушысы Шатқам Қажымұхамет та енген.

Құжат қол қойылған күннен бастап қолданысқа енеді.

Айта кетейік, жуырда президент жарлығымен 10 тамыз қазақтың бас ақыны Абайдың туған күніне орай Абай күні болып бекітілді.

107
Кілт сөздер:
зерттеу, Абай, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Қазақстанда қанша Абай Құнанбайұлы бар – статистика белгілі болды
"Абай айт­қан жал­қаулық жиі кездесетіні қынжылтады": Тоқаев мақала жариялады
Татарстан президенті Абай өлеңін қазақ тілінде оқыды
10 тамыз – Абай күні: мерекелік шараларға шолу
Қазақстандық балалар салған суреттен Мәскеуде Абай портреті құрастырылады
Абай Құнанбаев

Абайдың 175 жылдығы: ұлы ақын жайлы фильмдерді қайдан тамашалауға болады

282
"Қазақфильм" қазақ ойшылы мен әкесі Құнанбай туралы фильмдерді YouTube–каналда тамашалау мүмкіндігін ұсынды

НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр — Sputnik. "Қазақфильм" киностудиясы Абай туралы фильмдерді YouTube–каналға жүктеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Шәкен Айманов атындағы киностудия ағартушының 175 жылдығына орай көрермен назарына үш фильм ұсынып отыр. Сондай-ақ, "Абайдың әкесі Құнанбай туралы фильмдер" тақырыбындағы картиналар да қолжетімді.

  • "Абай. Өмірі мен творчествосы" деректі фильмі, режиссері - Тимурлан Арганчеев, 1983 жыл 
  • "Абай әндері" көркем фильмі, режиссерлер - Ефим Арон мен Григорий Рошаль, 1945 жыл (Мұхтар Әуезов романы желісі бойынша түсірілді)
  • 25 жыл бұрын түсірілген "Абай" кинолентасы, режиссері - Ардақ Әмірқұлов. Абайдың жастық шағы туралы картина түрлі кинофестивальдерде үздік деп танылды.
  • "Құнанбай" биографиялық фильмі, режиссері - Досхан Жолжақсынов. 2016 жылы түсірілген картина Абайдың әкесі - Құнанбай Өскенбайұлының тағдыры туралы баяндайды.

Төрт жыл бұрын картина авторлары әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік премияға ие болды.

Еске сала кетсек, биыл елде Абайдың 175 жылдығы аталып өтеді. Жыл бойы түрлі конференциялар, дәрістер, акциялар мен әдеби эстафеталар ұйымдастырылады.

282
Кілт сөздер:
фильм, Қазақфильм, ақын, Абайдың 175 жылдығы
Тақырып:
Абайдың 175 жылдығы
Тақырып бойынша
Абайдың экрандағы бағы жана ма – режиссерлердің пікірі
Абайдың мерейтойына қанша ақша жұмсалатыны жарияланды
Абайдың қара сөздері норвег тіліне аударылуы мүмкін
Абайдың отаны Семей туралы қызықты деректер
Абайдың әнін шырқаған 20 жастағы алматылық бойжеткен "Қазақ аруы" атанды
Махамбет Досмұхамбетов

Атырау облысының әкімі орынбасарының кінәсі дәлелденсе, қызметінен кетуге дайын

0
Әкімнің бірінші орынбасары мен құрылыс басқармасының бастығы 420 мың доллар көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев шынымен де кінәлі деп танылып, сот үкімі шықса, қызметінен кететінін мәлімдеді.

Әкімнің орынбасары мен құрылыс басқармасының бастығы 182 миллион теңге (420 мың доллардан астам) көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды, деп жазды "Ақ Жайық" басылымы.

"Заң бәріне ортақ. Егер тергеу аяқталып, сот оны кінәлі деп тапса, онда мен заңға сәйкес, отставкаға кетуге дайынмын. Оны қабылдай ма, жоқ па, президент өзі шешеді", - деді әкім Махамбет Досмұхамбетов.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың қарашасында "Мемлекеттік қызмет туралы" заңға түзетулер енгізілді, оған сәйкес қарамағындағы қызметкердің кінәсі дәлелденіп, сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін басшы қызметінен кетуге міндетті.   

Оқи отырыңыз: Қазақстанда бірнеше әкім отставкаға кетуге өтініш берді 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұған дейін заң аясында қандай қызметкерлер тікелей бағынышты ретінде қарастырылатынын түсіндірген болатын.

0
Кілт сөздер:
отставка, әкім, Атырау облысы
Тақырып бойынша
Білім саласында жемқорлық неге көбейді?
Нұр-Сұлтанда әкім қызметінен кетті
Жезқазғанға жаңа әкім тағайындалды
Тоқаевтың тапсырмасы: облыс әкімінің орынбасары мен аудан әкімі отставкаға кетті