Абайдың ескерткіші

Абайдың 175 жылдығы қалай тойланады - Тоқаев жарлыққа қол қойды

1175
Мерейтойдың жоспары биыл 1 қазанға дейін бекітілуі тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде мерекелеу туралы жарлыққа қол қойды. Жарлықтың мәтіні Ақорда сайтында жарияланды.

Қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы 2020 жылы өтеді.

Осыған байланысты мемлекет басшысы үкіметке бірқатар тапсырма берді.

Атап айтқанда, биыл 1 шілдеге дейін Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылуы тиіс. Ал 1 қазанға дейін мерейтойдың жалпыреспубликалық жоспарын бекіту керек.

Тағы оқыңыз: Тоқаев бас прокурорды қабылдады

Бұдан бөлек, президент Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық музейін кешенді жаңғырту үшін тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

Жарлыққа сәйкес 2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Тоқаев Абайдың шығармаларының кең таралған негізгі шет тілдеріндегі сапалы аудармасын баспадан шығарып, халықаралық деңгейде насихаттауға тапсырма берді.

Сонымен қатар, Абайдың 175 жылдығын ЮНЕСКО мен ТҮРКСОЙ (Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы) аясында тойлау мәселесі пысықталуы тиіс.

Тағы оқыңыз: Тоқаев биліктің кімге мұраға қалатынын айтты

Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан президентінің әкімшілігіне жүктелді. Құжат қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енеді.

1175
Кілт сөздер:
мерейтой, жарлық, Қасым-Жомарт Тоқаев, Абай Құнанбайұлы
Тақырып:
Абайдың 175 жылдығы (23)
Тақырып бойынша
Жүсіпбек Аймауытовтың жиені қызылордалық ақсақал 60 жыл құпия ұстаған сырын ақтарды
Загрузка...