кітап

Дүниежүзілік ұйымның басшысы Абайдың қара сөзінен үзінді оқыды - видео

128
Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының бас директорына эстафетаны әділет министрі Марат Бекетаев жолдаған

НҰР-СҰЛТАН, 19 қараша — Sputnik. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған өлең оқу эстафетасын Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының басшысы қабыл алды. 

"Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) бас директоры Фрэнсис Гарри мырза Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған шығармаларынан үзінді оқу эстафетасын жалғастырды", - деп хабарлайды әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін әділет министрі Марат Бекетаев әлеуметтік желідегі өз парақшасында Абай Құнанбайұлының отыз екінші қара сөзінен үзінді оқып, эстафетаны Фрэнсис Гарриға жолдаған еді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Марат Бекетаев (@marat_beketayev_official)

Өз кезегінде Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының басшысы бұл бастаманы қолдап, Марат Бекетаевқа өз алғысын білдірді.

"Армысыздар! Мен Қазақстан Республикасының әділет министрі Марат Бекетаев мырзадан, қазақтың ұлы ақыны және философы Абай Құнанбаевтың 175 жыл мерейтойының құрметіне арналған эстафетаны қабыл алғаныма өте қуаныштымын. Абайдың 32-ші қара сөзінен үзіндіні оқып беруге рұқсат етіңіздер", - деген Гарри ағылшын тілінде Абайдың қара сөзін оқиды.

Бұл бейнероликті Марат Бекетаев өзінің парақшасында жариялады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Марат Бекетаев (@marat_beketayev_official)

128
Кілт сөздер:
видео, Абай Құнанбайұлы
Тақырып:
Абайдың 175 жылдығы (31)
Тақырып бойынша
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы туралы қызықты деректер
Абайды оқып, Төреғалиді тыңдайтын поляк жігіті қазақ тілін барша жұртқа насихаттап жүр
Мырзан Кенжебай: Абайды бүкіл ұлттың бас ақыны деу әрі күнә, әрі надандық
Абай Құнанбайұлы ұрпағының шежіресі
Загрузка...