Премьер-министр Казахстана Карим Масимов

Мәсімов Елеусіновті Олимпиададағы жеңісімен құттықтады

23
(Жаңартылды 19:18 14.09.2016)
Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов боксшы Данияр Елеусіновті Риода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында жеңіп алған алтын медалімен құттықтады.

АСТАНА, 18 там –  Sputnik. Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов боксшы Данияр Елеусіновті Риода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында жеңіп алған алтын медалімен құттықтады.

Қазақстанның бокс бойынша олимпиада құрамасының капитаны Данияр Елеусінов Астана уақытымен сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні Риода олимпиадалық "алтын" жеңіп алған үшінші қазақстандық болды. 69 келі салмақтық категориядағы финалда Елеусінов  төрешілердің бірауыздық шешімі бойынша Өзбекстан өкілі Шахрам Гиясовтан басым түсті. Бұл алтын медаль осы қазақстандықтар үшін Ойындардағы үшінші болды. Елеусіновке дейін жоғары дәрежедегі медальді жүзуші Дмитрий Баландин мен ауыр атлетші Ниджат Рахимов жеңіп алған.

Бұрын Олимпиада чемпионын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев құттықтады.

"Қазақстан құрамасының капитаны Елеусіновті Олимпиада ойындарындағы жеңісімен құттықтаймын! Бұл біздің үшінші алтын медаліміз", — деп жазды премьер өзінің Твитердегі аккаунтында.

23