Спорт

Лопес Милан – Турин жарысында жеңіске жетті

© Photo : Официальный сайт AstanaProTeamВелогонщик клуба AstanaProTeam Мигель Анхель Лопес на гонке Милан - Турин
Велогонщик клуба AstanaProTeam Мигель Анхель Лопес  на гонке Милан - Турин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Екінші болып "Астананың" жарысушысынан 9 секундқа қалып, Cannondale-Drapac командасынан канадалық Майкл Вуд келді.Үшінші орында Cannondale клубынан тағы бір колумбиялық Ригоберто Уран, ол Лопестен 14 секундқа қалып қойды.

АСТАНА, 29 қыр — Sputnik. AstanaProTeam клубының колумбиялық велошабандозы Мигель Анхель Лопес сәрсенбіде Италияда бір күндік Милан — Турин жарысында жеңіске жетті.

Лопес 186 шақырымды 4 сағат 13 минут 36 секундта жүріп өтті.

Екінші болып "Астананың" жарысушысынан 9 секундқа қалып, Cannondale-Drapac  командасынан канадалық  Майкл Вуд келді.

Үшінші орында Cannondale клубынан тағы бір колумбиялық Ригоберто Уран, ол Лопестен 14 секундқа қалып қойды.

Милан — Турин  жарысы 1876 жылдан бері өткізіледі және әлемдегі ежелгі сайыстардың бірі болып табылады.

Жаңалықтар
0