Теннис. Ролан Гаррос - 2013.

Айнитдинова Шымкентте ITF сериясы турнирінің финалына шықты

27
(Жаңартылды 13:30 30.09.2016)
Қазақстандық теннисші Гюзаль Айнитдинова жұмада Шымкентте сыйлық қоры 10 мың доллар болатын ITF сериясы турнирінің жеке сынының финалына шықты.

АСТАНА, 30 қыр — Sputnik. Қазақстандық теннисші Гюзаль Айнитдинова жұмада Шымкентте сыйлық қоры 10 мың доллар болатын ITF сериясы турнирінің жеке сынының финалына шықты.

Жартылай финалда екінші нөмірлі болған Айнитдинова ресейлік Александра Вострикованы 6:4, 4:6, 6:3 есебімен жеңді. Шешуші матчта қазақстандық жартылай финалда өзінің отандасы  турнирдің үшінші ракеткасы Маргарита Лазаревадан 6:2, 6:1 есебімен мықтырақ болған ресейлік Ульяна Айзатулинамен ойнайды.

27