Рамзан Қадыров.

Қадыров Емельяненко туралы: бұл орыс батырларына жат қылық

14
Бірнеше күн бұрын Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың 8-10 жас аралығындағы үш ұлы Грозныйда өткен Grand Prix Akhmat-2016 халықаралық турнирінің көрнекті жекпе-жектеріне қатысқан еді.

Астана, 7 қаз – Sputnik. Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Ресей ММА Одағының президенті Федор Емельяненконың балаларды аралас күрес жекпе-жектеріне қатыстыруға айтқан сынына өз пікірін білдірді.

Бірнеше күн бұрын Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың 8-10 жас аралығындағы үш ұлы Грозныйда өткен Grand Prix Akhmat-2016 халықаралық турнирінің көрнекті жекпе-жектеріне қатысқан еді. Жекпе-жек кадрлары бар бейнежазбаны Рамзан Қадыров Instagram парақшасында көрсеткен болатын. Содан кейін Ресей ММА одағының президенті Федор Емельяненко бұл жекпе-жектерді сынға алып, ММА шарттары бойынша 12 жасқа дейін балаларды рингке шығаруға болмайтынын мәлімдеген. 

"Турнирдің маңыздылығы жайлы жылы сөз айтып бастаса, Федор Емельяненконың  Grand Prix Akhmat-2016 халықаралық турнирінде балалардың қатысқаны туралы сөзіне түсіністікпен қарар едім. Орыс батыры әрі ел патриоты ретінде Шешенстанды мерекемен құттықтап, ММА-дің алғашқы белдігі ойналғанын атап өтсе, тым құрығанда бір рет Шешенстанға келіп, турнирлерді қалай өткізетінімізді, спортты қалай дамытып жатқанымызды көрсе болар еді. Сол себепті оның мәлімдемесіне талай сұрақ туындайды. Федор бастаған резонанс та бір түрлі көрінеді, әркім өзінен, өз отбасынан бастағаны жөн емес пе. Бұл жақындарымызға да қатысты мәселе. Бірақ біреудің балаларының суретін шығарып, көпшіліктің дауын туғызғаны әдепке жатпайды", — деп жазды Қадыров Instagram парақшасында.


14