Спорт

Еуро-2017 іріктеу матчында Қазақстан РФ жастар құрамасынан ойсырай ұтылды

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуФутбол
Футбол - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Грузияда өтетін Еуро-2017 чемпионатының іріктеу кезеңіндегі матчта Ресей жастар құрамасының футболшылары (19 жасқа дейінгі) Қазақстан құрамасын 5:0 есебімен ұтты.

Астана, 9 қаз – Sputnik. Сенбі күні Бельгиядағы Беринген қаласында өткен 1-топ кездесуі ресейліктердің жеңісімен аяқталды, есеп – 5:0. Гол соққандар: Михаил Лысов (14-минутта), Иван Галанин (21), Федор Чалов (44), Николай Прудников (88) и Александр Ломовицкий (90+2).

Қазақстанның "ересектер" ұлттық құрама командасы сенбі күні әлем чемипонаты-2018 іріктеу кезеңнің екінші турында Черногория құрамасынан тура сондай 0:5 есебімен ұтылған еді.

Екі турдан соң топ ішінде Ресей және Бельгия құрамаларының жас футболшылары 4 ұпайдан жинады. Одан кейінгі орында Финляндия (2 ұпай) мен Қазақстан (0) тұр.

Келесі матчта ресейліктер 11 қазан күні Бельгия құрамасымен кезігеді. Ал, Қазақстан құрамасы сол күні финдермен ойнайды.  


Жаңалықтар
0