Спорт

Қазақстандық зілтемірші Уланов Риодағы Олимпиаданың "қола" жүлдегері болды

© REUTERS зілтемірші Денис Уланов
зілтемірші Денис Уланов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
016 жылғы Олимпиада ойындарында төртінші орынға ие болған қазақстандық зілтемірші Денис Уланов Риодағы Олимпиаданың "қола" жүлдегері болды, деп хабарланады Халықаралық ауыр атлетика федерациясының ресми журналында (IWF).

АСТАНА, 11 қаз – Sputnik. 2016 жылғы Олимпиада ойындарында төртінші орынға ие болған қазақстандық зілтемірші Денис Уланов Риодағы Олимпиаданың "қола" жүлдегері болды, деп хабарланады Халықаралық ауыр атлетика федерациясының ресми журналында (IWF).

Осылайша, Қазақстанның қоржынында енді 18 медаль бар, оның 10-ы қола.

Уланов Риода 85 келіге дейінгі салмақта румын ауыр атлетшісі Габриэль Синкраянға есе жіберіп, төртінші орынға тұрақталған. Алайда румынның допинг сынамасы оң нәтиже көрсетіп,  Олимпиада —2016 оның көрсеткіші жойылды.

Уланов пен Синкраян қоссайыс сомасында 390 келі бірдей нәтиже көрсетті. Бірақ Улановтың салмағы румыннан ауыр болды. Сондықтан қола медаль Синкраянға бұйырған.

Жаңалықтар
0