Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов

Байсуфинов: біз Румынияны жеңуге тиіс болатынбыз

15
(Жаңартылды 09:30 12.10.2016)
Астанада сейсенбі күні ӘЧ-2018 іріктеудің еуропалық бөлігі Е тобындағы Қазақстан-Румыния матчы өтті

АСТАНА, 12 қаз — Sputnik. Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов  Астанада сейсенбі күні нөлді теңдікпен аяқталған Әлем чемпионатына Румыния құрамасымен өткен іріктеу циклда командасының жеңу мүмкіндігі болғандығына сенімді.

ӘЧ-2018 іріктеудің еуропалық бөлігі Е тобындағы Қазақстан-Румыния матчы, Қазақстан қонақта Черногория құрамасына 0:5 есебімен жеңілгеннен кейін, үш күннен соң өтті. Ал румындар да осы есеппен қонақта Арменияны ойсырата жеңген.

Ойын алдында Байсуфинов ойыншыларын Подгорицадағы жеңілістерін ұмытып, ойын кезінде қақпаға жабыса бермеуге кеңес берді. Ойыннан соң ол салынбай қалған екі голға қынжылды.

"Жігіттерге қарапайым сөздер айттым: қарсылас ренжімей-ақ қойсын, олар өте жақсы, тәжірибелі әрі жас жігіттер. Барлығы оларда өз деңгейінде. Бірақ бізге бүгін сәтті күн болды. Біз жеңуге тиіс едік", — деп мәлім етті Байсуфинов.

"Әрине біз нәтижеге ризамыз. Бірақ кемшіліктер бар, бұл жерде жұлып алатын кез келетін мінез қалыптасады! Алуға болатынын және алуға тиіс екендігіңді сезе бастайсың! Осы кедергіні аттап өту жетіспей тұр. Бұл кедергіні өтсек үлкен жеңістер мен ұпайлар болады", — деді ол.

15