Спорт

"Медеуде" жаңа қысқы маусым ашылды

© Photo : Пресс-служба зимней Универсиады-2017"Медеудегі" жаңа қысқы маусымның ашылуы
Медеудегі жаңа қысқы маусымның ашылуы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Іс-шара барысында Универсиада-2017 Елшілерінің дипломдары берілді. Мұз айдын сейсенбі мен жексенбі аралығында сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін істейді.

АСТАНА, 23 қаз – Sputnik.  "Медеу" мұз айдынында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің қатысуымен Универсиада-2017 басталуына 100 күн қалуына ұштастырылған 2016-2017 жаңа қысқы маусымы ашылды деп хабарлады сенбі күні ұйымдастырушылар.

Іс-шара барысында Универсиада-2017 Елшілерінің дипломдары берілді. Алматыдағы халықаралық қысқы студенттік ойындардың ресми өкілдері болып атақты байкер Дмитрий Петрухин, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, цирк әртісі Мұрат Мұтұрғанов, сондай-ақ танымал режиссер, актер, сценарист Нұртас Адамбай тағайындалды.

Дәстүрге сай осы жылы "Медеу" мұз айдыны жаппай сырғанаудың жаңа қысқы маусымын ашады. 1800 теңгеге келушілер конькимен сырғанап, денсаулығын шынықтыруға мүмкіндік алады.Оның үстіне, балалар мен студенттерге, зейнеткерлерге арнайы жеңілдіктер ойластырылған. 

Бұл жылы "Медеу" мұз айдынының былтырғы  жұмыс графигі сақталады. Мұз айдын сейсенбі мен жексенбі аралығында сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін істейді. Таңғы сырғанақ 10:00 мен 16:00 аралығында өтеді. Ал, 16:00-ден бастап 18:00-ге дейін техникалық үзіліс болады. Кешкі сырғанақ 18:00-ден бастап, 23:00-ге дейін жалғасады. 

Бұл жылы бірқатар жаңалықтар енгізілді. Коньки беру пункті барынша үлкейтіліп, конькилерді жалға беру көлемі 2000-ға дейін көбеді. Осылайша, қазіргі уақытта жалға беру қорында 5000 коньки бар. Сонымен қатар, келушілерге арналған 15 мекеме жұмыс істейтін болады, онда қонақтар дәмді стритфудтан ауыз тиіп, ыстық шоколад немесе кофе ішіп жылына алады. 

Бұдан бөлек, осы маусымда мұзда сырғанау Инструкторларының Мектебі ашылады. Ең кішкентай қонақтар мен олардың ата-анасына арналып екінші қабатта балалардың ойын зонасы іске қосылады. 

Жаңалықтар
0