Спорт

"Сарыарқа" ЖХЛ тұрақты маусымында бірінші орында

© Официальный сайт ХК "Сарыарка""Сарыарқа" ХК -Челмет (Челябинск)
Сарыарқа ХК -Челмет (Челябинск) - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарағанды клубы Жоғары хоккей лигасының қазіргі тұрақты маусымында бірінші орынға шықты.

АСТАНА, 29 қаз — Sputnik. Қарағанды хоккей клубы "Сарыарқа" Жоғары Хоккей Лигасы тұрақты маусысымының жұма күні өткен кезекті матчында өз мұз айдынында Челябинскі командасы "Челметті" ойсырата ұтты.

Сарыарқа ХК - Sputnik Қазақстан
Спорт
"Сарыарқа" ЖХЛ тұрақты маусымында қайта көш бастады

"Сарыарқа" қарсыласын 3:0 есебімен жеңді. Бірінші периодта ешқандай гол салынбағанымен, екінші жиырмаминуттықта қарағандылық Даниил Ердаков пен Данил Файзулин "Челмет" қақпасына екі рет шайба тастады, соңғы кезеңде Иван Исаев осы ойындағы соңғы голды салды. 

Нәтижесінде, турнир кестесінде "Сарыарқа" 40 ұпаймен басымдылығын қайтарып алды. 3 қарашада өтетін келесі турда қазақстандық команда Пензада "Дизел" кубымен ойнайды.   

Жаңалықтар
0