Спорт

12 қарашада Көкшетауда ММА бойынша жекпе-жектер өтеді

© Photo : Федерация смешанного боевого единоборства ММА КазахстанаҚазақстандық ММА балуаны Шавкат Рахмонов
Қазақстандық ММА балуаны Шавкат Рахмонов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның түпкір-түпкірінен келген мықты балуандар күш сынасады. Турнир феериялық шоу форматында өтеді.

АСТАНА, 9 қар — Sputnik. Қазақстанның ММА федерациясы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай аралас жекпе-жектен Қазақстанның ІІІ Кубогын өткізеді. Мәдени-спорттық шара 12 қараша күні Көкшетау қаласындағы Мәдениет сарайында болады.

Қазақстанның үшінші кубогын иелену үшін 16 облыстан шыққан күшті балуандар әр түрлі салмақ категорияларында күш сынасып, жұрттың делебесін қоздыратын мықты жекпе-жектер өткізеді.

Дәстүрге сай бұл жарысқа 18 жастан асқан азаматтар ғана қатыса алады. Жеңімпаздар осы спорт түрінен түрлі атақтарға ие болып, ММА бойынша Қазақстан ұлттық құрамасына енуге мүмкіндік алады.

Sputnik Қазақстан ақпараттық агенттігі және радиосы ММА бойынша Қазақстанның ІІІ Кубогының ресми ақпараттық серіктесі болып табылады. Алдағы болатын жекпе-жектер туралы барлық қызықты ақпаратты сайтымыз бен әлеуметтік желідегі ресми парақшаларымыздан оқи аласыздар: Facebook, Twitter, Instagram, ВКонтакте.

Жаңалықтар
0