Алтай волейбол клубы

"Алтай" волейболдан ҚР суперкубогын ұтты

8
(Жаңартылды 21:43 10.11.2016)
Өскемен клубы "Алтай" қатарынан үш ұлттық трофейге қол жеткізді: Қазақстан чемпионаты, Кубогы және Суперкубогы.

АСТАНА, 10 қар — Sputnik. Өскемендік ерлер волейбол клубы"Алтай" сәрсенбі күні Қазақстанның Суперкубогын иеленді.

Сәрсенбі күнгі ойында "Алтай" хромтаулық "ТНК "Қазхром" командасын 3:0 есебімен ұтты. Хромтаудан келген волейболшылар  үш партияда да ел чемпиондарымен тайталасып, текетіреске түссе де,  ақыры соңында бәрі бір жеңіліс тауып отырды: 25:22, 25:21, 25:21.

Жұма күні, 11 қарашада өскемендік клуб чемпиондық атағын қорғауды бастайды: Павлодарда Ұлттық лигадағы ерлер командаларының арасында волейболдан Қазақстан чемпионатының бірінші туры өтеді. Сол күні Өскемен қаласында әйелдер командаларының арасында волейболдан ұлттық біріншілік басталады. 

8