Спорт

Санчес: GGG қарсыласын нокаутқа түсіріп атағын қорғаудан Хопкинс рекордын жаңартады

© Photo : Официальный сайт WBAГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Орташа салмақ бойынша бесінші чемпиондық белдікке қол жеткізумен қатар, Головкин атағын қорғаудан америкалық Бернард Хопкинстің рекордын жаңартпақшы.

АСТАНА, 10 қар — Sputnik. Қазақстан боксшысының бапкері Абель Санчес Головкиннің чемпиондық белдіктерді қорғаудан америкалық Хопкинс рекордын недәуір жаңартатынына сенім білдіріп отыр. 

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Санчес: GGG Джейкобспен жекпе-жекке 2017 жылғы ақпанда шығуды көздеп отыр

Головкин қазіргі уақытта бес негізгі кәсіби бокс ұйымдарының ішінде төртеуінің белдігін иеленген: WBA, IBF, IBO және WBC. Орташа салмақта қол жеткізбеген жалғыз атақ – Әлемдік бокс ұйымының (WBO) белдігі Билли Джо Сондерске тиесілі.

Boxing Scene басылымына берген сұхбатында Санчестің айтуынша, Головкин "белдікті иеленуге ынталы, бірақ сол атаққа табынып жүрген жоқ". Сондай-ақ, қазақстандық боксшының алдына қойған тағы бір мақсаты бар: ол – дүние жүзінде алғаш рет жартылай ауыр салмақ бойынша төрт чемпиондық белдікке иелен, сол белдіктерді 20 рет қорғап қалған америкалық боксшы Бернард Хопкинстің рекордын жаңарту.

Еске сала кетейік, Головкин кәсіби рингте 36 рет жекпе-жекке шығып, 36 рет жеңіске жетті, оның 33-інде қарсыласын нокаутқа түсірді. Және WBA белдігін 16 рет қорғап шықты.  

Жаңалықтар
0