Спорт

Шахматтан әлем чемпионы 5 сағатқа созылған ойыннан кейін ресейліктен жеңілгенін мойындады

© Sputnik / Нэнси Сисель / Медиабанкке өтуМ.Карлсен vs С.Карякин
М.Карлсен vs С.Карякин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Гроссмейстерлер жеті партия тең ойын көрсетті, 53-ші жүрістен кейін норвегиялық Магнум Карлсен жеңілісін мойындады.

АСТАНА, 22 қар — Sputnik. Қазіргі әлем чемпионы – Норвегия өкілі Магнус Карлсен шахмат бойынша Әлем чемпионатының сегізінші партиясында ресейлік Сергей Карякинге жеңілді, деп хабарлайды РИА Новости "Спорт Экспресске" сілтеме жасай отырып. 

Әлемнің үздік шахматшысы атағы үшін матч дүйсенбіде Нью-Йоркте бес сағаттан астам уақытқа жалғасты. Қазіргі чемпион 53-ші жүрісінде жеңілісін мойындады. Гроссмейстерлердің интеллектуалды жекпе-жегіндегі жалпы есеп 4,5-3,5 ресейліктің пайдасына болды.

Алдыңғы жеті партия тең ойынмен аяқталған. Келесі ойын 23 қарашада өтеді. Шахмат бойынша әлем чемпионы атағының иегері 12-ші партиядан кейін анықталады. 


Жаңалықтар
0