Спорт

Сегіз қырлы бір сырлы Денис Тен: мәнерлеп сырғанаушы гитарада ойнап, ән салады

Жазылу
Денис "Rumors behind your back" әнін шырқап, өзін-өзі сүйемелдеп отырды.

АСТАНА, 4 жел — Sputnik.  ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 2014 жылғы олимпиада чемпионы мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен гитарамен ән шырқап, бейнежазбаны Instagram парақшасында жариялады.

Денис Тен спорттағы жетістіктері үшін ғана жанкүйерлер көзайымы болып жүрген жоқ, ол сонымен қатар әлеуметтік желілерде әр түрлі қырынан көрініп, халықтың назарына ілігуде.

Денис бұдан бұрын да ән салып отырған сәті түсірілген бейнежазбаны жариялаған болатын.

 

 

Ал бұл жолы, спортшының өз сөзімен айтар болсақ, біреуден гитара сұрап алып, "кештерін ұмытылған идеяларды іске асырумен өткізіп жүр". 

Жаңалықтар
0