Спорт

ҚР хоккей құрамасы Еурошақыру Кубогын жеңіп алды

© Sputnik / Медиабанкке өтуҚазақстан хоккей құрамасы
Қазақстан хоккей құрамасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Хоккейден Қазақстан құрамасы финалдық матчта Польша құрамасын ұтты.

АСТАНА, 18 жел – Sputnik. Шайбалы хоккейден Қазақстанның ұлттық құрамасы сенбі күні Еурошақыру Кубогының төрт дүркін жеңімпазы атанды.

Хоккей, шайба - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қазақстанның хоккей бойынша құрамасы Еуро кубогының екінші жеңісіне жетті

Еурошақыру Кубогы биыл Гданьск қаласында 15-17 желтоқсан аралығында өтті. Оған төрт елдің құрамалары қатысты: Польша, Қазақстан, Украина және Оңтүстік Корея.

Қорытынды матчта Қазақстан Польша құрамасын негізгі уақытта 2:1 есебімен жеңді. Бірінші периодта қазақстандық Константин Савенков пен Антон Петров бір-бір шайбадан лақтырса, екінші жиырмаминуттықта польшалық Бартош Фражко гол соқты.

Жаңалықтар
0