Спорт

"Торпедо" мен "Сарыарқа" жоғары хоккей лигасында жеңіске жетті

Жазылу
Өскемендік "Торпедо" Жоғары хоккей лигасының бейсенбіде өткен көшпелі жүйелі матчында челябинскілік "Челметті" жеңгеннен кейін жоғалтып алған ұпайлар бойынша көшбасшылығын жалғастыруда.

АСТАНА, 23 жел  – Sputnik. Өскемен хоккей клубы "Торпедо" бейсенбі күні қонақта өткізген матчында челябинскілік "Челметті" 8:0 есебімен ойсырата ұтты.

Өскемендік Торпедо - Sputnik Қазақстан
Спорт
ЖХЛ жүйелі кестесін "Торпедо" бастады

Челябинскілік клубтың қақпасына Константин Романов пен Никита Михайлис екі шайбыдан тоғытса, Денис Игнашин, Владимир Коротков, Майк Далхёйсен және Джордон Сауторн бір-бір голдан соқты.

Сол күні қарағандылық "Сарыарқа" Орск қаласында жергілікті "Южный Урал" командасын 4:3 есебімен жеңді. Матч ортасында қарағандылықтар 0:2 есебімен ұтылып жатқан болатын, алайда екінші үзіліске дейін соққан Артур Сарваров, Олег Ломако және Антон Сагадеевтің голдары "Сарыарқа" командасын алға оздырды.

Матчтың соңғы кезеңінде Артур Сарваров дубль жүзеге асырып, содан соң айдын иелері бір гол соқты. Нәтижесінде бейсенбі күні кешке "Торпедо" турнирлік кестеде екінші болып келе жатыр, жалпы ұпай саны 71. Ал, "Сарыарқа" командасы 63 ұпаймен бесінші орында тұр. 

Жаңалықтар
0