АСТАНА, 16 қаң – Sputnik. Astana Motorsports командасы "Дакар-2017" сәтті аяқтады. Жеңіл экипаж Т2 стандарттық көліктер классында үшінші орынды иеленді, ал жүк көлігі – 26-шы болды, деп хабарлады команданың баспасөз қызметі.
Екі апта ішінде қатысушылар Парагвай, Боливия және Аргентина елдері аумағынан тоғыз мың шаршыметр жүріп өтті.
Қазақстан атынан "Декарда" Astana Motorsports командасының екі экипажы шықты. Жүк экипажы (Т4) құрамында "Дакар-2012" қола жүлдегері пилот Артур Ардавичус және штурман Серж Бринкенс пен механик Майкал Хьюсман MAN TGS көлігінде болды.
Жеңіл экипаж Т2 санатындағы FIA 2015 ралли рейдтері бойынша Әлем кубогінің жеңімпазы пилот Денис Березовскийдің және штурман Алексей Никижевамен ұсынылды. Олар Production классындағы Toyota Land Cruiser 200 көлігімен қатысты.
Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, бұл "Дакар" бүкіл тарихындағы ең қиындарының бірі болған.