Спорт

ҚХЛ-дың Шығыс конференциясында "Барыс" үздік бестікке кірді

© Photo : ХК "Барыс""Барыс" ХК
Барыс ХК - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық клуб ригалық "Динамомен" көшпелі матчтағы жеңісінен кейін ұпай бойынша уфалық "Салават Юлаевпен" теңескен.

АСТАНА, 27 қаң – Sputnik. Қазақстан елордасының "Барыс" хоккей клубы бейсенбі, 26 қаңтарда осы маусымда алғаш рет Құрлықтық хоккей лигасының Шығыс конференциясында бесінші орынға көтерілді. 

Бейсенбі күні кезекті күнтізбелік матчта қазақстандық команда Ригада жергілікті "Динамоны" негізгі уақытта 3:2 есебімен жеңді. Алғашқы кезеңде есепті қонақтар ойыншысы Роман Старченко ашты, екінші жиырма минутта алдымен Микс Индрашис теңдікті қалпына келтірді, одан кейін Найджел Доус "Барысты" қайтадан алға шығарды. 

Қорытынды үшінші матчта командалар қайтадан гол алмасты. Алдымен Дастин Бойд қонақтардың артықшылығын екі шайбаға дейін қысқартты. Одан кейін ойынның аяқталуына бір минут он бес секунд қалғанда Лаурис Дарзиньш бір шайба ашты. 


Жаңалықтар
0