Спорт

WADA қазақстандық биатлоншылардың допинг қолданбағандығын растады

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өтуБиатлон
Биатлон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан құрамасы допинг пайдаланды деген күдіктің жалған екендігі дәлелденді

АСТАНА, 16 ақп – Sputnik. Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) қазақстандық биатлоншылардың допинг пайдаланбағанын растады деп хабарлайды мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Зертхана - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстандық биатлоншылардың допинг-сынамасы теріс нәтиже берді

" Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) ресми растамасын алдық – биатлоншыдларымыздың допинг-сынамасы теріс нәтиже берді! Бұдан бұрын айтқанымдай, біздің спортшыларымыз сүттен ақ, судан таза!", — деп жазды Мұхамедиұлы Facebook парақшасында.

"Мен басынан бастап командамыздың адалдығына сендім, әлбетте, бізді жерге қаратпағандарына разымын. Бірақ бұл жайт болашаққа үлкен сабақ болды", — дейді министр. 

Жаңалықтар
0