Спорт

Қазақстанның қыздар хоккей құрамасы Азиаданың қола жүлдегері атанды

© AP Photo / Shuji KajiyamaХоккей
Хоккей - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Саппородағы қысқы ойындарда үш матчта жеңіске жетуі қазақстандық хоккейшілерге үшінші орынды қамтамасыз етті

АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Қазақстандық қыздар хоккей командасы сенбі күні Азиаданың қола жүлдерегі атанды.

Биатлон - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қазақстан биатлоншылары аралас эстафетада бірінші орын алды

Жапониядағы қысқы ойындар аясында өткізілген қыздар арасындағы хоккей турнирі айналма жүйесі негізінде болды, яғни алты қатысушы команда бір-бірімен кезекпе-кезек ойнап шықты.

Қазақстан құрамасы жапон және қытай қыздарынан ұтылып қалды. Бірақ қалған үш матчта қарсыластарынан басымдылық танытты. 

Ал, Қазақстанның ерлер командасына келер болсақ, жігіттеріміз Азиада чемпиондығынан үміткер болып отыр. Жарыстың соңғы ойынында 26 ақпан күні қазақстандықтар Жапония құрмасын жеңсе, алтын жүлдені қанжығаларына байлайды.  

Жаңалықтар
0