Спорт

Данияр Елеусінов қазақстандықтармен қоштасты

© Photo : Казахстанская федерация боксаБоксшы Данияр Елеусінов
Боксшы  Данияр Елеусінов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елеусінов шетелге кетер алдында автограф-сессия өткізіп, өзінің жанкүйерлерімен қоштасты

АСТАНА, 7 нау – Sputnik. Олимпиада чемпионы боксшы Данияр Елеусінов шетелге кетер алдында  жанкүйерлерімен қоштасу автограф-сессиясын өткізді, деп хабарлады Қазақстандық бокс федерациясының баспасөз қызметі. 

Елеусінов шетелде кәсіби бокспен айналыспақ. 

"Менің ойымша, оны үлкен жетістік күтіп тұр, ол өте дарынды, — деп санайды жанкүйер Әсел. – Ол Қазақстан туының астында өнер көрсетуін жалғастар беретін болады. Әрине, ол өзін елінде қалай жақсы көретінін және күтетінін ұмытпайды!".  

Елеусінов бірнеше жыл бойы бокстан Қазақстан құрамасының капитаны болған. Ол Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиадада ойынының алтын медальін жеңіп алды. 

Олимпиада ойындарынан кейін әуесқой боксты аяқтап, кәсіби боксқа өтетіні туралы хабарлаған. 

© Photo : Казахстанская федерация боксаАвтограф-сессия Данияра Елеусинова
Автограф-сессия Данияра Елеусинова - Sputnik Қазақстан
Автограф-сессия Данияра Елеусинова
Жаңалықтар
0