Спорт

"Қазақстан барысы" ұйымдастырушылары алдағы турнирге қатысты жоспарларымен бөлісті

© Photo : ortcom.kzАрман Шураев
Арман Шураев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
1 сәуірден бастап іріктеу турнирлері өтеді.

АСТАНА, 29 нау — Sputnik. ҚР тұңғыш президентінің "Қазақстан барысы" сыйлығына Қазақ күресі бойынша жетінші республикалық турнирдің ақтық сыны 2 шілдеде Астана қаласында өтеді. 

1 сәуірден бастап іріктеу турнирлері өтеді.  

"Соңғы жылдары біз допинг мәселесіне қатты назар аударып отырмыз. Біз мүлдем төзбеушілік қағидасын ұстанамыз. Жалпы бұл жұмыстың министрлікпен бірге бұдан әрі күшейтіліп, жақсаратынын айта аламын. Біздің жеңімпаздарымыздың медициналық препараттардың арқасында емес, өздерінің күш-қайраттарының арқасында мықты болғанын қалаймыз", — деп атап өтті қазақ күресі федерациясының президенті Аман Шораев Астанада өткен баспасөз конференциясы барысында. 

Ақтық сынға 34 балуан қатысады деп жоспарланып отыр. Олар: әр өңірден екі үздік балуан, өткен жылғы және "Әскер барысы" турнир жеңімпаздары. 


Жаңалықтар
0