Спорт

Динара Сәдуақасова тұңғыш рет ерлер чемпионатына қатысады

© Photo : David Llada / Казахстанская федерация шахматДинара Сәуақасова
Динара Сәуақасова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жас шахматшының әртүрлі турнирлерде ер адамдармен ойнап жүргеніне біраз болыпты

АСТАНА, 30 нау – Sputnik. Қазақстан шахмат федерациясының жаттықтырушылар кеңесі 2017 жылғы ҚР чемпионатының финалына қатысушылардың ізімін бекітті, деп хабарлады Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі. 

Жарыстар 2-22 сәуір алағында өтетіп, оларға елдің 22 үздік шахматшысы қатысады. Әйелдер арасындағы ақтық сында жақында ғана ерлердің халықаралық спорт шебері атағына ие болған Жансая Әбдімәлік, Гүлісхан Нақбаева, Мәдина Дәулетбаева, сеньорлар арасындағы әлем чемпионы Елена Анкудинова мен соңғы уақытта жақсы ойын нәтижелерімен көзге түсіп жүрген Айсезім Мұхит пен Арнаш Бауыржан қатысады.  

Динара Садуакасова - Sputnik Қазақстан
Спорт
Шахмат ханшайымы Динара Сәдуақасова әлемнің ең мықты 30 әйелінің қатарына енді

Ерлер арасындағы финалда Қазақстан чемпионы атағы үшін еліміздің қазіргі чемпионы Петр Костенко және Қазақстан шахматшылар рейтингісінде 1-ші орында тұрған Ринат Жұмабаев, Мұртас Қажғалиев, Кирилл Кудеринов және юниорлар Денис Махнев пен Жанат Саин, Жандос Ағманов бақ сынайды.

Тұңғыш рет Қазақстанның ерлер арасындағы чемпионатына, таяуда ғана  ерлердің халықаралық спорт шебері атағын алып, әлемнің үздік 30 шахматшысы тізіміне енген Динара Сәдуақасова қатысады.

"Мен Қазақстан шахмат федерациясына өтініш жазып, ерлер арасындағы ел чемпионатына қатыстыруды сұрадым. Менің өтінішімді қабыл алғанына қуаныштымын. Мен көптен бері әртүрлі турнирлерде ер адамдармен сынасып келемін. Бұл жерде айтарлықтай ерекшелік көріп тұрғаным жоқ", — деді Динара Сәдуақасова. 


Жаңалықтар
0