Станимир Стойлов

Стойлов: "Астана" Чемпиондар Лигасына қай жерде дайындалмақ?

13
Қазақстанның қазіргі чемпионы - елордалық "Астана" футбол клубының бас бапкері Станимир Стойлов Қазақстан премьер-лигасның ұлттық біріншілігі матчтарының резервтік алаңдарда өтетініне аң-таң
Стойлов: где "Астана" должна готовиться к Лиге Чемпионов?

Сәрсенбі күні 12 сәуірде "Астана" ФК Қазақстан премьер-лигасы алтыншы турының күнтізбелік матчында "Ақтөбе" командасын "Тарлан-аренада" қабылдауға мәжбүр болды. Себебі клубтың негізгі алаңы "Астана-Аренада" көгалды айырбастап жатқан еді. Бірақ кезінде ұлттық біріншіліктің талай ойыны өткен "Тарлан-аренада" да жағдай оңып тұрған жоқ.

"Шынын айтқанда, өзім үшін ештеңе сұрамаймын, себебі бұл алаңдарда ойнайтын мен емес қой. Бар қалауым — Қазақстан футболының деңгейін көтеру — бұл осында келген әрбір легионердің басты міндеті. Және ойыншыларым жарақат алып қалмасын деймін. "Астана-Арена" алаңында жаттықпағанымызға бір айдай болып қалды. Жөндеу жұмыстарының қашан бітетіні белгісіз. Жазда концерт өткіземіз дейді, сондықтан қайда жаттығып, қайда ойнайтынымыз беймәлім. Чемпиондар Лигасына қалай дайындалмақпыз?", — деді Стойлов 3:0 есебімен "Астана" пайдасына шешілген мачтан кейінгі баспасөз мәслихатында.

13
Геннадий Головкин

Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

151
(Жаңартылды 12:28 24.09.2020)
Сәуір айында Головкиннің бапкері спортшының 12 қыркүйекте WBA орта салмақтағы чемпионы Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізбейтінін хабарлаған

АЛМАТЫ, 24 қыркүйек – Sputnik. Орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін 21 қарашада өткізеді. Бұл туралы The Athletic тілшісі Майк Коппинджер Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

GGG-дің қарсыласы IBF тұжырымдамасы бойынша міндетті үміткер поляк спортшысы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) болады. Жекпе-жекті DAZN спорттық стриминг қызметі көрсетеді.

Sports.kz сайтының хабарлауынша, Майк Коппинджердің әріптесі Лэнс Пагмайр жекпе-жектің Калифорния штатында Dignity Health Sports Park аренасында өтетінін хабарлады. Сондай-ақ, қазір GGG сол штатта дайындық жүргізіп жатыр.

Оқи отырыңыз: Танымал промоутер Головкин мен Альваресті Жапонияға шақырды

Айта кетейік, сәуір айында Головкиннің бапкері спортшының 12 қыркүйекте WBA орта салмақтағы чемпионы Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізбейтінін хабарлаған еді.

"Канелоның командасы қыркүйек айында жекпе-жек өткізуге шақырды, бірақ мен бас тарттым. Біздің жоспарымыз – Камил Шереметаға қарсы айқас, содан кейін тағы бір жекпе-жек бар", – деді Бэнкс.

151
Кілт сөздер:
Геннадий Головкин, кәсіпқой бокс, спорт
Тақырып бойынша
Геннадий Головкин қазақстандық боксшыларға үндеу жасады
Зал шулап кетті: Головкин жекпе-жектен кейін мәлімдеме жасады
Головкин мен Деревянченконың жекпе-жектен кейінгі жағдайы туралы ақпарат шықты
Геннадий Головкин ұлымен түскен суретін бөлісті
Қазақстан халқы өз жерінде мұндай кешті тамашалауға лайық – Головкин
Яцек Гуральски

Қазақстан чемпионатындағы ең қымбат футболшы кім

63
(Жаңартылды 18:30 21.09.2020)
Өткен бірнеше маусымның көшбасшысы Марин Томасовтың "құны" соңғы бір жылда бұл көрсеткіш бойынша екі есеге дейін төмендеген

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек — Sputnik. Transfermarkt мәліметіне сәйкес, Қазақстандағы ең бағалы футболшы белгілі болды. Ол – "Қайрат" футбол командасының жартылай қорғаушысы Яцек Гуральски.

Поляк футболшысының трансферттік "құны" қазіргі таңда 2,5 миллион еуроға дейін бағаланып отыр.

Екінші орында "Қайрат"-тың тағы бір футболшысы – украиналық Адеринсола Эсеола тұр – 2,2 миллион еуро.

Үшінші орынға "Астана" сапында өнер көрсететін хорваттардың бұрынғы көшбасшы Марин Томасов жайғасты. Оның трансферттік "құны" бір жылдың ішінде 3,8-ден 2 миллион еуроға дейін "арзандаған".

Қазақстандық премьер-лиганың ең қымбат ондығына кірген футболшылар:

  • 1. Яцек Гуральски ("Қайрат", Польша) - 2,5 миллион еуро;
  • 2. Адеринсола Эсеола ("Қайрат", Украина) - 2,2 миллион еуро;
  • 3. Марин Томасов ("Астана", Хорватия) - 2 миллион еуро;
Полузащитник футбольного клуба Астана Марин Томасов
© Sputnik / Абзал Калиев.
"Астана" футбол клубының жартылай қорғаушысы Марин Томасов
  • 4-5. Раде Дугалич ("Қайрат", Сербия) - 1,8 миллион еуро;
  • 4-5. Дмитрий Шомко ("Астана", Қазақстан) - 1,8 миллион еуро;
Казахстанский футболист, защитник  клуба Астана Дмитрий Шомко
© Sputnik / Абзал Калиев.
Қазақстандық футболшы, "Астана" клубының қорғаушысы Дмитрий Шомко
  • 6-8. Дорин Ротариу ("Астана", Румыния) - 1,7 миллион еуро;
  • 6-8. Пиерос Сотириу ("Астана", Кипр) - 1,7 миллион еуро;
  • 6-8. Дино Миканович ("Қайрат", Хорватия) - 1,7 миллион еуро;
  • 9-12. Стас Покатилов ("Кайрат", Қазақстан) - 1,5 миллион еуро;
Стас Покатилов
Стас Покатилов
  • 9-12. Роман Мұртазаев ("Тобыл", Қазақстан) - 1,5 миллион еуро;
  • 9-12. Нұрәлі Әліп ("Қайрат", Қазақстан) - 1,5 миллион еуро;
  • 9-12. Тигран Барсегян ("Астана", Армения) - 1,5 миллион еуро.

Еске сала кетейік, Томасов бірнеше ауысым бойы рейтингтің көшбасында тұрды, қазір оның трансферттік "құны" 3,8 миллионнан 2 миллионға дейін түсіп кеткен.

63
Диктофон

Релизден бас тарту керек кәсіби PR маманының лайфхактары

0
SputnikPro сарапшысы онлайнды дамыту, ерекшеленуден қорықпау, адамдарға сену – БАҚ-ты алға жылжытудың негізгі ерекшелігі екенін айтады  

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. "Россия сегодня" медиа тобы баспасөз қызметінің жетекшісі Анна Старкова көрші елдердің журналистеріне неліктен релиз жазудан бас тарту керектігін айтып берді.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары іс-шараның ақпараттық серіктесі бола отырып, өзінің логотипін түрлі алаңдарда орналастыратын. Пандемия кезінде жағдай өзгерді. Өзін-өзі таныту үшін медиа топтың баспасөз қызметі ерекше кейстерді ойластыра бастаған.

Сарапшының бірінші ұсынысы: стандартты релиздерді жазу тәжірибесінен бас тарту.

"Адамдармен оларға түсінікті тілде сөйлесу керек. Кері байланыс орната бастасаңыз, ол нарықтың ойыншысы болсаңыз, сізді тыңдайды, сізге келіп, оқи бастайды", - деп санайды Старкова.

Сарапшының келесі кеңесі – бұқаралық ақпарат құралдары онлайнды ғана дамытпау керек.

"Мұны пандемия кезінде істей бастадық. Біз барлығы дерлік интернетті қолданатын әлемде өмір сүріп жатырмыз", - деп атап өтті маман.

Қазір, оның айтуынша, әлеуметтік желілердегі және мессенджерлердегі анонимділік танымал болудан қалып барады.

"Бізді ("РИА Новости" ХАА Телеграм каналы) оқи бастады, өйткені РИА Новости, мысалы, Лукашенконың инаугурациясында не болғанын айтты. Сол кезде ол жаңалыққа айналады, бұл тексерілген ақпарат. Шын мәнінде болған нәрсе, сыбыс емес", - деп атап өтті Старкова.  

Сарапшының тағы бір ұсынысы – ерекшеленуден қорықпау. Баспасөз қызметі пандемия жағдайында "трендтерді қарап, оларды батыл түрде пайдаланған".

"Сізбен бірге жұмыс істейтін адамдарға сенім арту керек, өйткені ең алдымен біреумен араласуың керек. Оларды алға жылжытуың керек, нәтижесінде сіздің брендіңіз алға жылжиды", - деп сендірді Старкова.

Кәсіби PR маманының бесінші кеңесі – дос болу.

"Бұл, шынын айтқанда, ең маңызды кеңес. Басқа ақпарат құралдарымен, баспасөз қызметтерімен, тіпті бәсекелестермен де достасу керек. Кофеге шақырыңыз, бранчи жасаңыз, лайфхактармен бөлісіңіз. Бұл бәріне қатысты", - деп есептейді ол.  

SputnikPro білім беру жобасының жиырма бірінші онлайн-сессиясына Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Абхазия және Осетия БАҚ өкілдері қатысты.

SputnikPro – Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі мен радиосының журналист, студент, баспасөз қызметі мен медиа саласында жұмыс істеп жүрген маман иелеріне арналған жоба. Оның мақсаты – тәжірибе алмасу әрі медиа саласында кәсіби байланысты нығайту.

0