Спорт

Боксшы Василий Жиров Мұхаммед Әлидің жолын қуып, Ислам дінін қабылдады

© AP Photo / Eric JamisonВасилий Жиров
Василий Жиров - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Танымал қазақстандық боксшы мұсылман атанды

АСТАНА, 28 маусым — Sputnik. Аты әйгілі қазақстандық боксшы Василий Жиров ресми түрде Ислам дінін қабылдады, деп хабарлайды  Facebook желісіндегі "Профи бокс" парақшасы.

"Тәуелсіз Қазақстанның бокстан алғашқы олимпиада чемпионы, Вэл Баркер кубогының иегері, бірінші ауыр салмақ дәрежесінде IBF бойынша бұрынғы әлем чемпионы, "Балқаш жолбарысы" Василий Жиров бүгін "Нұр-Астана" мешітінде ресми түрде Ислам дінін қабылдады", — делінген хабарламада.

Жаңалықтар
0