Спорт

Испан теннисшісі Мугуруса Винус Уильямсты жеңіп, Уимблдонды ұтып алды

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуГарбинье Мугуруса
Гарбинье Мугуруса - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Испан теннисшісі Мугуруса Уимблдон турнирінде жеңімпаз атанды

АСТАНА, 16 шілде — Sputnik. Испаниялық теннисші Гарбинье Мугуруса Винус Уильмсты жеңіп, Лондондағы Уимблдон турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды "Р-Спорт".

Жарыстың финалдық матчында кестеде 14-ші болып жазылған Мугуруса Винус Уильмсты (10) 7:5, 6:0 есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 14 минутқа созлған.

Мугуруса биылғы маусымда бірінші рет, жалпы мансабында екінші рет Үлкен шлем турнирінде олжаға кенеліп отыр. Бұдан бұрын испан қызы 2016  жылы Франция Ашық чемпионатын ұтып алған еді.

Жаңалықтар
0