Спорт

Найджел Доус "Барыс" капитаны болды

Жазылу
"Барыс" ХК бұрынғы капитаны Брендон Бочески хоккейші мансабын аяқтады

АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Елордалық хоккей клубы "Барыстың" шабуылшысы Найджел Доус команда капитаны болып тағайындалды, деп жазады Шайба.kz.

Бұрынғы команда капитаны – американдық және қазақстандық хоккейші Брендон Боченски – 35 жасында мансабын аяқтады. 

Найджел Доус өткен маусымда ҚХЛ жүйелі чемпионатында 59 матч ойнап, 63 (36+27) ұпай жинады. Он плей-офф ойынында он (7+3) ұпаймен ерекшеленді. 


Жаңалықтар
0