Витторио Брумотти

Велосипедке мініп, көпірдің аркасына шыққан итальяндық экстремал елорда тұрғындарын таңғалдырды

23
(Жаңартылды 15:41 14.08.2017)
Желіде атақты каскадердің Астанада түсірген таңғажайып видеосының үзіндісі жарияланды

АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Итальяндық каскадер  Витторио Брумотти велосипедіне мініп, Астана көпірінің биік аркасын бағындырды.

 

 

Astana ProTeam велокомандасының баспасөз хатшысы Дина Ибраева Sputnik Қазақстан агенттігіне Брумотти трюгінің анық-қанығын баяндап берді.

Оның сөзіне сүйенсек, Брумотти Қазақстанға "Тур ЭКСПО" веложарысы аясында келген. Оның келуі құрметіне арнайы клип түсіріліпті, соның үзіндісі интернетте жарияланған болса керек.

"Әлбетте, көпірден велосипедпен түсейін деген ойы жоқ болатын. Бұл өте тік көпір. Аркаға ақырын жылжып шықты. Оның өзі оңайға түскен жоқ. Майканың бір жағымен өзін, екінші жағымен велосипедті байлап алды. Жоғарыға шыққан соң, велосипедке мініп біраз жүрді. Дронмен тамаша видео түсірген. Содан кейін оператор да жоғары шығып, түсірілімді жалғастырды. Жалпы қалада бірнеше жерде клип түсірдік. Хан Шатырдың төбесінде, Пирамиданың қасында, "Нұржол" бульварінде. Клип тамаша болып шықты. Екі аптадан соң ресми нұсқасы жарыққа шығады", — деді Ибраева агенттікке.

Айта кетелік, отыз бес жастағы информатика пәні мұғалімі Витторио Брумотти бірнеше мәрте Гиннестің рекордтар кітабына енген, велотриал бойынша 2006 жылғы әлем чемпионы. 

Ол 2012 жылы Дубайдағы аспанмен таласқан Бурдж-Халифа ғимаратына велосипедімен 2 сағат 20 минутта шыққан болатын.

23
Қуат Хамитов

Қуат Хамитов ресейлік спортшыны тұншықтыру әдісімен жеңді видео

6464
(Жаңартылды 10:19 26.09.2020)
Хамитов-Боков жекпе-жегінде қазақстандық бірінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіске жетті. Кездесудің толық видеосы жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек – Sputnik. Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов (18-7-1) Мәскеуде өткен Fight Nights Global 98 турниріне қатысты, деп хабарлады Sports.kz.

Хамитов ресейлік файтер Ахмад-Хан Боковпен (5-4) айқасты.

Айта кетейік, жекпе-жек қарсаңында Қуаттың қарсыласы өзгерді: бастапқыда ол басқа ресейлік – Олег Косиновке (7-5) қарсылас болуы керек еді.

Оқи отырыңыз: Қуат Хамитов дау тудырған видеосына қатысты мәлімдеме жасады

Хамитов-Боков жекпе-жегінде қазақстандық бірінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіске жетті. Кездесудің видеосын төменде көруге болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)

Осылайша Қуат Хамитов кәсіби карьерасындағы 19-шы жеңісіне қол жеткізді, ал Ахмад-Хан Боков бесінші мәрте жеңіліске ұшырады. Осыған дейін Хамитов бір жарым жыл бойы жекпе-жекке шықпады.

6464
Кілт сөздер:
аралас жекпе-жек, видео, Қуат Хамитов
Тақырып бойынша
Полиция Қуат "Найман" Хамитов ұсталғанын хабарлады
Қуат Хамитов чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекте жеңіліп қалды
Қуат "Найман" Хамитовтың басы бәлеге қалды
Ішкі істер министрлігі Хамитовтың атышулы видеосына қатысты түсініктеме берді 
Геннадий Головкин

Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

184
(Жаңартылды 12:28 24.09.2020)
Сәуір айында Головкиннің бапкері спортшының 12 қыркүйекте WBA орта салмақтағы чемпионы Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізбейтінін хабарлаған

АЛМАТЫ, 24 қыркүйек – Sputnik. Орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін 21 қарашада өткізеді. Бұл туралы The Athletic тілшісі Майк Коппинджер Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

GGG-дің қарсыласы IBF тұжырымдамасы бойынша міндетті үміткер поляк спортшысы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) болады. Жекпе-жекті DAZN спорттық стриминг қызметі көрсетеді.

Sports.kz сайтының хабарлауынша, Майк Коппинджердің әріптесі Лэнс Пагмайр жекпе-жектің Калифорния штатында Dignity Health Sports Park аренасында өтетінін хабарлады. Сондай-ақ, қазір GGG сол штатта дайындық жүргізіп жатыр.

Оқи отырыңыз: Танымал промоутер Головкин мен Альваресті Жапонияға шақырды

Айта кетейік, сәуір айында Головкиннің бапкері спортшының 12 қыркүйекте WBA орта салмақтағы чемпионы Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізбейтінін хабарлаған еді.

"Канелоның командасы қыркүйек айында жекпе-жек өткізуге шақырды, бірақ мен бас тарттым. Біздің жоспарымыз – Камил Шереметаға қарсы айқас, содан кейін тағы бір жекпе-жек бар", – деді Бэнкс.

184
Кілт сөздер:
Геннадий Головкин, кәсіпқой бокс, спорт
Тақырып бойынша
Геннадий Головкин қазақстандық боксшыларға үндеу жасады
Зал шулап кетті: Головкин жекпе-жектен кейін мәлімдеме жасады
Головкин мен Деревянченконың жекпе-жектен кейінгі жағдайы туралы ақпарат шықты
Геннадий Головкин ұлымен түскен суретін бөлісті
Қазақстан халқы өз жерінде мұндай кешті тамашалауға лайық – Головкин
Алматы, күз

Еліміздің сегіз өңірі мен Нұр-Сұлтан қаласында дабылды ескерту жарияланды

0
Республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, дейді синоптиктер

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек — Sputnik. Қазгидромет еліміздің жеті өңірі мен Нұр-Сұлтан қаласында дабылды ескерту жариялады.

Синоптиктердің хабарлауынша, ертең Қазақстанның басым бөлігінде антициклонның ықпалынан күн ашық болады. Тек республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл соғады деп болжанып отыр.

Дабылды ескертулер

27 қыркүйекте Маңғыстау облысының кей жерінде шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады.

Атырау облысының кей жерінде шығыстан жел соғады, күші - 15-20 м/с.

Ертең түнде Түркістан облысының таулы аудандарында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

Қостанай облысында кей жерінде тұман түседі. Түнде 2 градус үсік жүреді.

Қарағанды облысында түман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерде күші 15-20 м/с-ке жетеді. Түнде  кей жерде 2 градус үсік болады деп болжанып отыр.

27-28 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарында кей жерде тұман түседі.

27-29 қыркүйекте Жамбыл облысында тұман, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады. Түнде және таңертең кей жерде 1-3 градусқа дейін үсік сақталады.

27 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

0