Спорт

Головкин - "Канело" бокс кешінде жұдырықтасатын тағы бес боксшының есімі белгілі болды

© REUTERS / Henry Browne LivepicГоловкина мен Канело
Головкина мен Канело - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бокс кешінде Лондон Олимпиадасының жүлдегері шаршы алаңға шығады

АСТАНА, 29 тамыз — Sputnik. Екі салмақ дәрежесі бойынша әлемнің экс-чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес пен IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин арасында 16 қыркүйекте өтетін бокс кешінде өнер көрсететін тағы бес боксшының есімі белгілі болды, деп хабарлайды vesti.kz. 

Геннадий Головкин - Давид Лемье - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкин жекпе-жектерінің үздік сәттерінен ролик жарияланды

BoxingScene.com порталының мәліметі бойынша, бұл бокс кешінде америкалық Виктор Ортис (6-0, 6 KO) пен мексикалық Сезар Валензуэла (7-1, 2 KO) шаршы алаңға шығады. Жекпе-жек алты раундқа жоспарланған. 

Ал осы бокс кешінде өнер көрсететін украиналық Сергей Богауктің (4-0, 4 КО) қарсыласы әлі анықталған жоқ. 

Сонымен қатар Головкин — "Канело" арасында өтетін жекпе-жек кешінде 2012 жылғы Лондонда өткен Олимпиада ойындарының жүлдегері, бұрымды боксшы Марлен Эспарза (2-0, 0 КО) мен мексикалық Тания Косме (5-6-1, 1 KO) жұдырықтасады. 

Бұған дейін бірінші жартылай орта салмақтағы пуэрторикалық Хесус Рохас (25-1-2 18 КО) пен доминикалық Клаудио Марреро (22-1, 16 KO) жекпе-жек өткізетіні белгілі болды. Бұл кездесулердің барлығы НВО арнасындағы ақылы (PPV) көрсетілімге кірмейді. 


Жаңалықтар
0