Канат Ислам

Қанат Ислам жекпе-жекке шығатын бокс кешіне 8 мыңнан аса билет сатылды

32
(Жаңартылды 17:51 31.08.2017)
Кештің ең басты оқиғасы Қанат Ислам мен Брэндон Куктың жекпе-жегі болмақ

АСТАНА, 31 тамыз — Sputnik. ЭКСПО-2017 аясында Қанат Исламның қатысуымен өткізілетін кәсіби бокс кешіне билеттердің жартысынан астамы сатылып кетті, деп хабарлады QAZAQ Promotions директоры Қайрат Жайлаубаев.

Бокс кещі 9 қыркүйекте "Сарыарқа" республикалық велотрегінде өтеді.

Кештің басты оқиғасы Қанат Ислам мен Брэндон Кук арасындағы жекпе-жек болмақ. Әлемге аты әйгілі екі боксшыдан бөлек, рингке бірталай қазақстандық спортшылар шығады, олардың арасында Жанқош Тұраров, Жәнібек Әлімханұлы, Али Ахмедов, Мейірім Нұрсұлтанов, Руслан 

"Біз спорттық шара өтетін жерді мұқият таңдады, ақыры "Сарыарқа" республикалық велотрегінде болсын деп шештік. Бұл бірден бір тамаша ғимарат, әлемдегі ең жақсы спорт кешендерінің бірі. Бүгін де сегіз мыңнан астам билет сатылып кетті", — деп хабарлады Қайрат Жайлаубаев.

32