Спорт

Илья Ильин өміріндегі ең қиын сәтте ажырасып кеткенін айтты

© Sputnik / Болат ШайхиновИлья Ильин
Илья Ильин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ерлі-зайыпты Ильин екі Олимпиада медалінен айырылған кезде ажырасып кеткен
АСТАНА, 1 қараша– Sputnik. Атақты қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин алғаш рет гандболшы Наталья Кулаковамен ажырасқаны туралы айтты. Ерлі-зайыпты 12 жыл бойы бірге болды, деп жазды Men's Health Kazakhstan журналы.     
Ильин өткен жылы допинг дауына ілініп, Бейжің және Лондон олимпиадаларының медалінен айырылған болатын. Ол спорттан шеттетілді. Соған қарамастан Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ильин өзі үшін әрқашан чемпион болып қала беретінін мәлімдеді.  
"Біз жарты жыл бұрын айырылыстық, алайда ажырасу туралы құжаттар таяуда ғана келді. 12 жыл бойы бірге болдық, бір-бірімізді сүйдік, қызымыз өсіп келеді. Алайда мен үшін ең қиын сәтте соңғы сынаққа шыдамады.  Ауыр депрессияға төзу қиын болса керек", — деді Ильин. 
Илья Ильин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Илья Ильин спорт функционері ретінде бағын сынауға дайын
Спортшы Олимпиада медальдерін қайтарып алатындай сезімде болатынын жасырмады.   
"Әлем чемпионатының медальдерін тартып алуы да, 2008 жылдан бастап сегіз жылға шеттетуі де мүмкін. Мүмкін 2016 жылдан бастап екі немесе төрт жылға шеттететін болар. Соңғы шешім қабылданған жоқ. Сол күнді тағатсыздана күтіп жүрмін. Үмітімді үзген жоқпын. Тіпті Олимпиададағы марапаттарымды қайтарып қалар деген ойдамын", — деп толықтырды Ильин.  

Жаңалықтар
0