Спорт

Қазақстандық велошабандоз Әлем кубогының алғашқы кезеңін жеңіп алды

Жазылу
Велошабандоз Никита Панасенко 30 километр қашықтықтағы сайыста бірінші болып келді

АСТАНА, 4 қараша — Sputnik. Қазақстандық велошабандоз Никита Панасенко мықты қарсыластарының бәрін басып озып, Әлем кубогы кезеңінде жеңімпаз атанды.  

25 жастағы Панасенко 30 километр қашықтықта грек Кристос Воликакис пен италиялық Лиам Бертаццоны артта қалдырып, мәре сызығын бірінші болып кесті.    

Тур де Франс - Sputnik Қазақстан
Спорт
Велошабандоз "Тур де Франс" жарысынан кейін аяғын көрсетті
Қазақстан  велосипед спорт федерация баспасөз қызметінің мәліметінше, негізгі тартыс Кристос Воликакис пен Никита Панасенко арасында өткен.  

Тректегі велоспорттан әлем кубогының алғашқы кезеңі 3  қарашада басталған болатын. Қазақстандық команда көш басына шығып үлгерді.    

Келесі кезеңдер Ұлыбритания, Канада және Беларусте өтеді.

 2018 жылдың 28 ақпаны мен 4 наурызы аралығында Нидерландыда маусымның басты додасы – Тректегі велосипед спортынан әлем чемпионаты өтеді.  


Жаңалықтар
0