Спорт

NBA жұлдыздары Астанада баскетбол жобасын бастады

© Photo : Пресс-служба посольства США в РКNBA
NBA - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жас қазақстандық спортшылар NBA-дің лицензиялық формасымен ойнайтын болады

АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Американың Ұлттық баскетбол қауымдастығы (NBA) Юниор лигасы Қазақстанның Ұлттық баскетбол федерациясы және Қазақстандағы АҚШ елшілігімен ынтымақтаса отырып, Junior NBA 2017-2018 юниор лигасының басталғанын жариялады.

Доп - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қазақстанның футбол федерациясы ребрендинг жүргізді

Жарыстар 10-12 жастағы ұл-қыздар командаларының арасында өтеді. Лигада екі турнир бар, Астана және Алматы қалаларында (әр қалада 30 команда: 15 қыздар командасы және 15 ұлдар командасы). Әр турнир дивизондық кезең, конференциялар кезеңі және төрттік финалдан тұрады. 

Драфт рәсімін өткізу үшін АҚШ елшілігінің қолдауымен Қазақстанға екі баскетболшы келді – NBA ойыншысы Владимир Радманович мен WNBA ойыншысы Тадж Макуильямс-Франклин. 

Junior NBA басты ерекшелігі — бұл турнирде әрбір балалар командасы шынайы NBA  клубына сай келеді әрі алаңға сол команданың лицензиялық формасын киіп шығады.

© Photo : Пресс-служба посольства США в РКТадж Макуильямс-Франклин
Тадж Макуильямс-Франклин - Sputnik Қазақстан
Тадж Макуильямс-Франклин

Жаңалықтар
0