Спорт

Оңтүстікафрикалық боксшы қарсыласын 11 секундте нокаутқа жіберді

CC0 / / Бокс рингі
Бокс рингі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тете мен Гонья арасындағы жекпе-жек әлем чемпионы титулы үшін өткен ең қысқа кездесу ретінде тарихқа енді

АСТАНА, 19 қараша  — Sputnik. Солтүстік Ирландияның Белфаст қаласындағы бокс кешінде жеңіл салмақтағы (53,5 кг дейін) WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы оңтүстікафрикалық Золани Тете мен оның отандасы Сибонисо Гонья титулдық жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Тете алғашқы соққысымен-ақ қарсыласын ауыр нокаутқа түсірді. Гонья біразға дейін есін жия алған жоқ. Жекпе-жек 11 секундке ғана созылды. Осылайша Тете мен Гонья арасындағы жекпе-жек әлем чемпионы титулы үшін өткен ең қысқа кездесу ретінде кәсіпқой бокс тарихына енді.  

Естеріңізге сала кетейік, Тете мен қазақстандық Жанат Жақиянов өткен жылдың қыркүйегінде кездесуі тиіс болған, алайда жекпе-жек өтпей қалды. Оңтүстікафрикалық команда отандық боксшының промоутерлерімен келісе алмаған.   

Жаңалықтар
0