Спорт

2018 жылы маусымда Ильиннің дисквалификация мерзімі аяқталады

© Sputnik / Саид Царнаев / Медиабанкке өтуИлья Ильин
Илья Ильин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ильин допинг дауы салдарынан Олимпиада алтын медалдерінен айырылған.

АСТАНА, 9 желтоқсан — Sputnik. Қазақстандық зілтемірші Илья Ильиннің дисквалификация мерзімі келесі жылы маусымда аяқталады, деп хабарлады Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы сенбі күні.

Иван Дычко - Sputnik Қазақстан
Спорт
Дычко Суперменді "құлатты"

"Халықаралық ауыр атлетика федерациясы допинг сынамаларында тыйым салынған препараттар табылған Илья Ильинге қатысты санкция қолдану туралы ресми шешім шығарды… спортсмен екі жылға дисквалификацияланған", — делінген ААФ ресми мәлімдемесінде.

Ильиннің дисквалификациясы тәртіп бұзушылық анықталған кезден бастап күшіне енеді, яғни 2016 жылы 10 маусым. Ауыр атлетика федерациясы еске сала кеткендей, спортшының олимпиадалық емес жетістіктері мен марапаттауларын қорғап қалу мүмкін болған.

Жаңалықтар
0