Бокс қолғабы

Қазақстандық әнші кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін нокаутпен аяқтады

740
(Жаңартылды 14:42 11.12.2017)
Қазақстандық боксшы Ибрагим Ескендір қырғызстандық қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірді

АСТАНА, 10 желтоқсан — Sputnik. Қазақстандық боксшы Ибрагим Ескендір Мәскеу қаласында кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді, деп хабарлайды Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясы.

Ибрагимнің қарсыласы қырғызстандық Шерғазы Шақтанов болды. Екінші орта салмақтағы екі боксшының жекпе-жегі төрт раундқа жоспарланған болатын, бірақ мерзімінен бұрын аяқталды. Қазақстандық қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірді. 

Айта кетейік, Ибрагим Ескендірді жұрт әнші әрі музыкант ретінде біледі. Әсіресе "Көк тудың желбірегені" әнінен кейін қазақ қоғамына кеңінен танылды. Бұдан бұрын Ибрагим бірнеше жыл бойы спортпен айналысып, бокстан спорт шеберлігіне кандидат болған. 


740
Загрузка...