Спорт

Сондерс Лемьені жеңгеннен кейін Головкинді жекпе-жекке шақырды

© Fotobank.ru/Getty Images / Dan MullanБилли Джо Сондерс
Билли Джо Сондерс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сондерс орта салмақта WBO тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы титулын қорғап қалды

АСТАНА, 17 желтоқсан – Sputnik. Британиялық боксшы Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) Лемьені жеңгеннен кейін Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Sports.kz.

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Сондерс Головкинді ұлы боксшы деп атады
Ол төрешілердің бірауыздан шешімімен канадалық Давид Лемьені (38-4, 33 КО) жеңді. Кездесу бітісімен Сондерс WBA (Super), WBC, IBF және IBO  тұжырымдар бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинді (37-0-1, 33 КО) жекпе-жекке шақырды. 

"Головкин, менің есімде, сен менен қашып жүрген едің. Енді, міне менің белдігім бар – қазір жұдырықтасайық!", — деп мәлімдеді Сондерс.


Жаңалықтар
0