Спорт

Сондерс Головкин - "Канело" жекпе-жегіне болжам жасады

© REUTERS / Henry Browne LivepicГоловкин мен Канело
Головкин мен Канело - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оның пікірінше, Головкинге жекпе-жекті ұпай санын есептеуге дейін жеткізбеу керек

АСТАНА, 22 желтоқсан – Sputnik. WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Билли Джо Сондерс Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварестің реваншына болжам жасады, деп хабарлайды Sports.kz.

"Егер жекпе-жек ұпай санын есептеуге дейін жетсе, онда "Канело" жеңеді, әйтпесе тағы да тең түседі. Егер Головкин жеңсе, онда ол нокаутпен басым түседі", — деді британдық боксшы Behind the Gloves-ке берген сұхбатында. 

GG мен "Канелоның" екінші кездесуі әзірше 5 мамырға жоспарланып отыр. 
Жаңалықтар
0