Спорт

Қазақстанның шаңғышылары олимпиадаға 19 лицензия алды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуДмитрий Рейхерд
Дмитрий Рейхерд - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ең көп жолдаманы шаңғы жарысына қатысушылар мен фристайл-акробаттар ұтқан

АСТАНА, 26 қаңтар — Sputnik. FIS халықаралық шаңғы спорты федерациясы қазақстандық спортшылардың 19 жолдамасын бекітті, деп хабарлады Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметі.

Елсияр Қанағатов - Sputnik Қазақстан
Спорт
Елсияр Қанағатов Ұлттық олимпиада комитетін басқарады

Қазақстанның шаңғы жарысынан жеті лицензиясы бар: ерлерде екеу, әйелдерде екеу, тағы үш жолдаманы бапкерлер штабы бөлетін болады.

Тау шаңғысы спорты бойынша қазақстандықтар екі жолдама ұтты — ерлер біреу, әйелдер біреу.

Трамплиннен секіру бойынша ерлерге бір лицензия берілді.

Фристайл-могул бойынша үш адамның лицензиясы бекітілді — екі ер адам және бір әйел адам. Кейінірек тағы бір олимпиада жолдамасының берілгені анықталды.

Фристайл-акробатика бойынша бес лицензия бар – ерлерде біреу, әйелдерде төртеу.

Жаңалықтар
0