Спорт

Бейбіт Шүменов кәсіпқой боксқа қайта оралмақ

© AP Photo / Manuel Balce CenetaБейбіт Шүменов
Бейбіт Шүменов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шүменов спортқа қайта оралуы туралы: медицина адам ағзасын толығымен зерттеген жоқ

АСТАНА, 29 қаңтар — Sputnik. Екі салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы әлем чемпионы, отыз төрт жастағы қазақстандық Бейбіт Шүменов спортқа қайта оралуы туралы айтып берді.

Бейбіт Шүменов - Sputnik Қазақстан
Спорт
Боксшы Бейбіт Шүменов шаршы алаңда жанарынан айырыла жаздаған

"Менеджеріммен біраз қиындықтар болды. Оның өз шаруасынан қолы босамай, маған тиісті мөлшерде жекпе-жек ұйымдастыра алмады. Сол себепті ұзақ уақыт тоқырап қалдым. Онымен бірге көзімді жарақаттап, екі рет операция жасаттым. Сол сәтте жан күйзелісіне ұшырап, мансабымды аяқтауға шешім қабылдадым. Негізінде үлкен үзіліс жасауым керек болған еді. Бүгін мансабымды қайта бастайтынымды мәлімдеймін", — деді Шүменов орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Бүгін де денсаулығы жақсы, мансабын жалғастыруға таптырмас мүмкіндік туып тұр.

"Көзім туралы айтар болсам, меніңше, медицина адам ағзасын әлі толық зерттеген жоқ. Мысалы, 2008 жылы жекпе-жек кезінде сол жақ көзімнен жарақат алдым. Екі жыл бойы жалғыз көзбен жұдырықтастым, бір көзім мүлдем көрмейтін. 2010 жылы жалғыз көзбен әлем чемпионы болдым. Содан кейін дәрігерлер операция жасап, жарақаттың күрделі екенін, мансабымды жалғастыра алмайтынымды айтты. Сосын тағы операция жасаттым, сол жақ көзім көре бастады. Қазір жаныма батып жүрген жоқ. Сол хирург оң жақ көзіме де операция жасады. Қазір барлық медициналық тексеруден өттім, бәрі жақсы", — деп түсіндірді боксшы.

Жаңалықтар
0