Спорт

Левит Рио-2016 "алтынын" алу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді

© Photo : Данияр МайлыбаевВасилий Левит
Василий Левит - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Халықаралық олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах Рио-де-Жанейро олимпиадасындағы ресейлік боксшылардың жекпе-жектерінің нәтижесін қайта қарауды ұсынған еді

АСТАНА, 5 ақпан — Sputnik. Олимпиаданың күміс жүлдегері Василий Левит 2016 жылы Риода Евгений Тищенкомен болған жекпе-жектің қайта қаралу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

"Мен бұл ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарынан оқыдым. Бірақ қазір бұл туралы қатты ойлап жүргем жоқ. Өйткені басқа жекпе-жектерге дайындалып жатырмын. Бірақ кездесу нәтижесін қайта қараса, жаман болмас еді", — деді Левит Sputnik Қазақстан тілшісіне. 

Айта кетсек, Халықаралық олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах 2016 жылғы Рио-де-Жанейро олимпиадасындағы ресейлік боксшылардың жекпе-жектерінің нәтижесін қайта қарау қажеттігін мәлімдеген еді. Оның айтуынша, Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығында (AIBA) бірқатар мәселе бар, оның ішінде олимпиадалардағы төрешілікке қатысты сұрақтар жиі туындап жатады.  

Халықаралық комитет 2016 жылғы олимпиададағы екі жекпе-жектің нәтижесіне күдік келтіріп отыр. Оның біреуі ресейлік Евгений Тищенко мен қазақстандық боксшы Василий Левит арасындағы кездесу. Бұдан бөлек Томас Бах Олимпиада-2020 бағдарламасынан боксты алып тастауды ұсынды. 


Жаңалықтар
0