Спорт

Қазақстан Еуропада бокс турнирінде бірінші орын алды

CC0 / / шаршы алаң
шаршы алаң - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еуропадағы ең ежелгі турнирлердің бірінде биылғы жылы 23 елден 158 боксшы қатысты

АСТАНА, 11 ақпан — Sputnik. Қазақстанның бокс командасы Венгрияның Дебрецен қаласында өткен Иштван Боскай атындағы 62-ші халықаралық турнирде жалпыкомандалық бірінші орын иеленіп, үш алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі. 

Бокс қолғабы - Sputnik Қазақстан
Спорт
Бокс Олимпиада бағдарламасынан алынуы мүмкін

Ақтық сында Ілияс Сүлейменов (56 килограмм) чех Мирослав Горолді жеңді. Ересектер санатына өткен жастар арасындағы Азия чемпионы Саматәлі Толтаев (64 килограмм) Моңғолияның ең үздік боксшыларының бірі тәжірибелі Чинзориг Баатарсуктен басым түсті. 

Тағы бір қазақстандық спортшы Асланбек Шымбергенов (69 килограмм) ақтық сында шаршы алаң иесі Андрас Вадашпен өткен жекпе-жекте қарсыласын тізе бүктірді.  

Жарыста күміс алқаны Айболды Дәуренұлы (+91 килограмм), ал қола алқаны Абай Төлеш (75 килограмм) алды. 


Жаңалықтар
0