Спорт

Жанат Жақиянов карьерасын аяқтады

© Photo : СЦКЖанат Жақиянов
Жанат Жақиянов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жақиянов кәсіпқой рингте 29 жекпе-жек өткізіп, 27-інде жеңіске жетті

АСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. Белгілі қазақстандық кәсіпқой боксшы, WBA тұжырымы бойынша әлемнің экс-чемпионы Жанат Жақиянов карьерасын аяқтау туралы шешім қабылдады, деп жазады Sports.kz.

Еркебұлан Сейдахмет  (оң жақта) - Sputnik Қазақстан
Спорт
FIFA 18 видео ойынында қазақстандық футболшы пайда болды

"Карьерамды аяқтау туралы шешім қабылдадым. Бұған себеп те аз емес. Мен үш-төрт айдай ойланып, осындай тоқтамға келіп отырмын. Осы жылдар бойы маған қолдау көрсеткен жандарға алғыс айтамын. Ең әуелі менің ең алғашқы бапкерім марқұм Александр Николаевич Лебедевке ризашылығымды білдіремін. Бапкерлерім Рикки Хаттон, Майк Джексон, Виктор Ивановқа алғысым шексіз. Менеджерлерім – Филипп Фондю мен Ерік Жайлауовқа да көптен көп алғыс. Бұл адамдар маған барлық жағынан көмектесті. Мен үлкен жол жүріп өттім, қазір соны аяқтайтын уақыт жетті деп санаймын", — деді Жақиянов.

Жаңалықтар
0