Футбол

Бразилияда алаңнан 9 футболшы қуылып, матч кейінге қалдырылды

17
(Жаңартылды 16:13 19.02.2018)
Матч кезінде ойыншылар бірнеше мәрте төбелесіп, ақыры соңында алаңда алты-ақ ойыншы қалған

АСТАНА, 19 ақпан — Sputnik. Бразилияда алаңнан 9 футболшыны қуған  төреші матчты тоқтатуға мәжбүр болды, деп жазады Reuters.

"Витория" және "Баия" клубтары арасындағы матч алаңдағы төбелес салдарынан тоқтатылды.

Кездесу кезінде ойыншылардың бірі соққан голын "тойлап" би билеген, ал бұл алаң иелерінің ашуын келтірген көрінеді. 

Ақыры соңында ойыншылар "жұдырықтасып", екі клубтың 5 футболшысы алаңнан қуылады. Тағы бірнеше минут өткенде екі адам тәртіп бұзғаны үшін қызыл қағаз алған.

Ойынның бітуіне 13 минут қалғанда "Витория" ойыншылары тағы жазаланып, алаңда клубтың алты футболшысы ғана қалыпты.

Ережеге сәйкес төреші ойыншылардың жетіспеуінен матчты тоқтатуға мәжбүр болды.

17
Кілт сөздер:
футболшылар, футбол, Бразилия
Загрузка...