Спорт

Рамзан Қадыровтың ұлдары қазақ баласына жауап қайтарды

© Sputnik / Саид Царнаев / Медиабанкке өтуШешенстан басшысы Рамзан Қадыров ұлы Ахмедпен бірге, архивтегі фото
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров ұлы Ахмедпен бірге, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Он жасар Абай Тәжібай Қадыровтың ұлдарын жекпе-жекке шақырған болатын

АСТАНА, 21 ақпан — Sputnik. Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың ұлдары Ахмад пен Адам Youtube желісіне жүктелген видеода жекпе-жекке шақырған қазақ баласына жауап берді.  

"Сенің қандай спортшы екеніңді білмейміз, алайда менеджерің жақсы екен. Абай – сен нағыз жігітсің. Осы бетіңнен тайма. Сәтін салып жатса, шаршы алаңда кездесерміз, алайда өмірде бауыр болып қаламыз. Біздің елге кел, қонағымыз боласың", — дейді Ахмад Қадыров.  

Ал Адам Қадыров қазақ баласының тәжірибесі жоқ екенін алға тартып, өздерінің клубында жаттығу жасауға шақырды.  

"Абай, Қазақстанда жүріп біздің өнерімізді сырттай бақылап жүргеніңе қуаныштымын. Сенің ұсынысыңа келсек, біріншіден, салмақ дәрежеміз әр түрі, екіншіден, сен бірде-бір жекпе-жек өткізбепсің, тәжірибең жоқ. Біздің клубқа кел, жаттығу жасап, спарринг өткіземіз. Дос боламыз", — деді Адам Қадыров.

Естеріңізге салак етейік, алматылық он жасар Абай Тәжібай Қадыровтың ұлдарының ММА белбеуін тартып алу үшін оларды жекпе-жекке шақырған болатын.  


Жаңалықтар
0